ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ «Сарыағаш» ЖШС жағдайындаҒЫ сиырлардың қанЫның биохимиялық профилі
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG254146Кілт сөздер:
сиырлар, голштин тұқымы, қандыӊ биохимиялық профилі, жас топтары, зат алмасуАңдатпа
Мақалада Қостанай облысындағы «Сарыағаш» ЖШС-нің голштин тұқымды сиырларының аналық мал басының қанының биохимиялық профилін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Жұмыс клиникалық тұрғыдан сау жануарларда (n = 19) жүргізілді, олар төлдеу санына байланысты (1-ден 8-ге дейін) алты жас тобына бөлінді. Биохимиялық талдау құрамына ақуыздық, минералдық, энергетикалық алмасу көрсеткіштері, сондай-ақ ферментативтік белсенділік пен пигмент алмасуы кірді.
Ақуыз алмасуының орташа мәндері қалыпты диапазонда болды (жалпы ақуыз – 77,14±2,89 g/l, альбумин – 3,19±0,09 g/dl, мочевина – 12,5±0,75 mg/dl). Минералдық алмасу кальцийдің (2,25±0,09 mmol/l), фосфордың (1,48±0,06 mmol/l) және магнийдің (1,02±0,04 mmol/l) физиологиялық концентрацияларымен сипатталды, алайда ересек топтарда Ca мен P деңгейінің төмендеу үрдісі байқалды. Энергетикалық алмасудағы глюкоза (2,77±0,31 mmol/l), холестерин (86,7±7,4 mmol/l) және креатинин (1,23±0,05 mg/dl) көрсеткіштері физиологиялық шектерге сәйкес келді. Сілтілі фосфатаза белсенділігі (84,0±8,6 U/L) мен билирубин деңгейі (8,6±2,5 µmol/l) де қалыпты деңгейде болды.
Осылайша, голштин тұқымды сиырлардың барлық алты жас тобы бойынша қанының биохимиялық профилі жалпы алғанда физиологиялық нормаларға сәйкес келеді, алайда 6–8 рет бұзаулаған малдарда зат алмасудың жасқа байланысты өзгерістері байқалды.

