СТУДЕНТТЕРДІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ Чунцин қалалық кәсіби-техникалық институты мысалындағы талдау және сауалнама нәтижелері (ҚЫТАЙ)

Авторлар

  • Беккожина Жанаргуль Амангельдиевна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ермаганбетова Мадина Аскаровна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Nezih Önal Нигде Омер Халисдемир Университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SKVC2622062

Кілт сөздер:

жасанды интеллект (ЖИ), зерттеу құзыреттіліктері, жоғары білім, студенттерді даярлау, цифрлық сауаттылық, Чунцин қаласының кәсіптік және техникалық институты

Аңдатпа

Жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары жоғары білім беру жүйесінде студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне дайындығын жетілдірудің маңызды құралына айналуда. Бұл зерттеудің мақсаты – халықаралық тәжірибе мен Қытайдағы Чунцин қалалық кәсіби-техникалық институтының мысалы негізінде студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасанды интеллект (ЖИ) арқылы даярлаудың заманауи тәсілдерін талдау. Зерттеу барысында Wenjuanxing онлайн платформасы арқылы сандық сауалнама жүргізілді. Зерттеуге әртүрлі мамандықтар бойынша білім алатын 524 студент қатысты. Сауалнама студенттердің зерттеу тәжірибесін, ғылыми қызметте жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдануын, олардың тиімділігіне деген көзқарасын және интеграция барысында кездесетін қиындықтарды анықтауға бағытталды. Нәтижелер жасанды интеллект (ЖИ) құралдарының әдебиеттерді іздеу, деректерді өңдеу, статистикалық талдау және визуализациялау үшін кеңінен қолданылатынын көрсетті. Респонденттердің 90%-дан астамы болашақ ғылыми-зерттеу қызметінде жасанды интеллект (ЖИ) рөлінің арта түсетінін атап өтті. Сонымен қатар студенттер зерттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігі, ресурстар тапшылығы, технологияға шамадан тыс тәуелділік, плагиат қаупі және нәтижелерді қате түсіндіру сияқты мәселелерді көрсетті. Зерттеу нәтижелері ЖИ-ді тиімді енгізу үшін технологиялық қолжетімділікпен қатар педагогикалық қолдау, этикалық реттеу және цифрлық-зерттеу құзыреттерін дамыту қажеттігін дәлелдейді.

Автор өмірбаяндары

  • Беккожина Жанаргуль Амангельдиевна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    «8D01511-Информатика» БББ PhD докторанты

  • Ермаганбетова Мадина Аскаровна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    педагогика ғылымдарының қандидаты, информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Nezih Önal, Нигде Омер Халисдемир Университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар