БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

  • Кошанова Гулназира Данебековна Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-5990-1490
  • Миндетбаева Акнур Амангелдиевна Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты https://orcid.org/0009-0007-1302-7578
  • Жұмабай Нұрай Жұмағалиқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0003-3785-4790

DOI:

https://doi.org/10.52269/SKVC2622147

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, болашақ информатик мұғалімдер, студенттер, Jupyter Notebook, Python программалау тілі

Аңдатпа

Мақалада информатик мұғалімдерге ЖИ негіздері, оның ішінде машиналық оқытуды меңгерту қарастырылады. Зерттеудің мақсаты: болашақ информатика мұғалімдеріне ЖИ құзіреттіліктерін дамыту үшін Jupyter notebook платформасын пайдалана отырып, Python деректер қоры кітапханаларын қолданып деректерді талдау және визуализациялау тәсілдерін үйрету әдістемесінің тиімділігін зерттеу нәтижелері арқылы ұсыну. Зерттеудің міндеттері: ЖИ-ді оқытудың еліміздің және шетелдік тәжірибелерін талдау;  Болашақ информатик педагогтарына машиналық оқытуды үйретуде Python программалау тілінде NumPy және Pandas кітапханаларын қолданып, деректерді өңдеу, талдау және визуализациялауда Jupyter Notebook интерактивті орта арқылы оқыту процесін жүргізу және оны нақты практикалық мысалдармен көрсету. Зерттеу базасы ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Информатика білім беру бағдарламасының студенттері алынған. Болашақ информатик мұғалімдерге «Жасанды интеллект негіздері» пәні ЖИ құзыреттілігін, білігін мен дағдыларын меңгертуді қамтамасыз етеді. Яғни, болашақ информатика мұғалімдеріне Jupyter notebook платформасын пайдалана отырып, Python деректер қоры кітапханаларын қолдану арқылы деректерді талдау және визуализациялау тәсілдерін үйрету болды. Зерттеу аясында болашақ информатик педагогтардан ЖИ бойынша Jupyter notebook және Python кітапханаларын игерудің қажеттілік деңгейін анықтау сауалнамасы алынды. Сауалнаманың нәтижесі бойынша болашақ информатик мұғалімдерге «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің мазмұнына «Jupyter notebook және Python кітапханалары» оқу модулі әзірленді. Зерттеу нәтижесінде болашақ информатик мұғалімдерге жасанды интеллект негіздері пәнінің мазмұнындағы «Jupyter notebook және Python кітапханалары» оқу модулінің әдістемесінің тиімділігі Python тілінің негізгі кітапханаларын (NumPy, Pandas) практикалық мысалдарды орындау арқылы деректерді талдау, өңдеу, визуализациялау дағдыларының қалыптасқандығымен көрінді.

Автор өмірбаяндары

  • Кошанова Гулназира Данебековна, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, математика кафедрасының аға оқытушысы

  • Миндетбаева Акнур Амангелдиевна, Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты

    магистр, педагог-зерттеуші, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары

  • Жұмабай Нұрай Жұмағалиқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    магистрант

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар