АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДАҒЫ СҮТ ФЕРМАСЫНДА СИЫРЛАРДА ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ ПАТОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ЕМДЕУ НОБАЙЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2611014Кілт сөздер:
жіті эндометрит, жатырдың субинволюциясы, УДЗ балауы, эстрофан, антибиотикотерапияАңдатпа
Мақала авторлары Алматы облысы Панфилов ауданы сүт фермасындағы симментал тұқымды сиырлардың гинекологиялық патологияларының таралуын зерттеген. Сиырлардағы гинекологиялық тексеру нәтижелері бойынша көбею жүйесі мүшелерінің патологиясының жиілігі: жіті эндометрит – 8,66%, созылмалы эндометрит - 11,81%, жатырдың субинволюциясы - 4,72%, жұмыртқалықтың күлдіреуігі және гипофункциясы - 5,51%, анэструс -7,08% көрсетті. 2024 жылдың қазан айынан бастап 2025 жылдың маусым айына дейінгі аралықта 2-5 лактациялық кезеңдегі барлығы 127 бас сиыр тексеріліп, оның 48 басында гинекологиялық аурулар (37,78%) анықталды. Сиырлардағы гинекологиялық аурулар келесі әдістер арқылы диагностикаланды: ректалдық зерттеу, қынаптық тексеру, ультрадыбыстық сканерлеу, ауру тарихын жинау, қолдан ұрықтандыру журналдарын талдау. Осы сүт фермасында қолданылатын гинекологиялық патологияларды емдеудің екі әдісі бағаланды. Емдеу тұжырымдамасы бойынша сиырлардың жатырындағы қабыну процестерінің алдын алуға көбірек бағытталды, емдеу нобайына келесі ветеринарлық препараттарды: утеротон, дексаметазон, ниокситил форте, окситоцин, эстрофан, дәрілік заттардың мөлшері және инъекциялар арасындағы мерзімдер оңтайландырылған. Екінші емдеу нобайы лексофлонды жеті күн бойы күнделікті енгізуді қамтыды, қалған препараттар тұрақты аралықпен енгізілді. Біздің бақылау нәтижеміз емдеудің тиімділігі мен қалпына келтіру уақытына бағытталып, екінші емдеу нобайымен жақсарғанын көрсетеді.

