ГОЛШТЕИН ТҰҚЫМДАС СИЫРЛАРЫНДА TLR4/ALUI ГЕН ЛОКУСЫ БОЙЫНША ГЕНОТИПТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖӘНЕ TLR4 ГЕН АЛЛЕЛДЕРІНІҢ ӨСІП ӨНУ ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Нурпеисова Раушан Кадирбаевна «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Тургумбеков Асет Абдымаратович «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Иманбаев Аиткали Альмурзаевич «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Усенбеков Есенгали Серикович «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/SKVC2621047

Кілт сөздер:

TLR4 генінің SNP полиморфизмі, сиырларды генотиптеу, репродуктивтік қызмет, ДНҚ маркерлері

Аңдатпа

 

Зерттеудің өзектілігі - жануарлардың ұрықтандырғыш қасиетін болжауға мүмкіндік беретін молекулярлық-генетикалық маркерлерді пайдалану арқылы сүт бағытындағы сиырлардың көбеюін арттыру қажеттілігімен анықталады. Зерттеудің мақсаты – TLR4/AluI генінің локусы бойынша голштеин сиырларын генотиптеу және оның аллельдері мен көбею көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты анықтау. Геномдық ДНҚ бөліп алу, ұзындығы 382 жұп негіз фрагментін амплификациялау және AluI ферментімен рестрикциялық талдау жүргізу. Зерттеу жұмысы Алматы облысындағы «Байсерке-Агро» ЖШС шаруашылығындағы 190 бас - клиникалық сау голштин тұқымдас сиырлары зерттелді, олардың азықтануы мен микроклимат жағдайы бірдей жағдайда болуын қадағаланды. TLR4/AluI бойынша генотиптеу PCR-RFLP әдісімен жүргізілді; генотиптердің таралуы Харди–Вайнберг тепе-теңдігіне (Gene-Calc) сәйкестігі бойынша тексерілді. Ассоциативтік талдау сиырлардың бұзаулағаннан кейінгі кезеңнен кейінгі ұрықтандыру уақыты (45–60; 61–90; 91–120; ≥121 күн) және 58-күнгі қайтып келмеу индексіне (NRI-58) негізделді. Нәтижесінде - үш генотип анықталды: ТТ – 39,5 %, ТС – 43,7 %, СС – 16,8 %; аллель жиіліктері: T = 0,61, C = 0,39; үлестірім Харди - Вайнберг тепе-теңдігіне сай (χ² = 1,97; p > 0,05). 45–60 күндік топта ТТ/ТС/СС үлестері 42/48/10 % болды; сервис-период ұзарған сайын (61–90; 91–120 күн) СС үлесі 16 - 22 % дейін артты. NRI-58 бойынша: ТТ – 19 бас, ТС – 24 бас, СС – 0 (барлығы 43 бас). Мәліметтер T аллелінің ұрықтандырғыштық қасиетіне қолайлы, ал C аллелінің кері әсер ететінін көрсетеді. TLR4/AluI локусы голштин сиырларының көбею функциясын бағалауда ақпаратты мәлімет болып табылады; T аллелі ерте ұрықтанумен және жоғары фертильділікпен байланысты, TLR4/ALUI селекциядық ДНҚ маркер ретінде қолдануға болады.

Автор өмірбаяндары

  • Нурпеисова Раушан Кадирбаевна, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының магистрі, PhD докторант

  • Тургумбеков Асет Абдымаратович, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    PhD доктор, «Клиникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы

  • Иманбаев Аиткали Альмурзаевич, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Клиникалық пәндер» кафедрасының профессоры

  • Усенбеков Есенгали Серикович, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    биология ғылымдарының кандидаты «Клиникалық пәндер» кафедрасының профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар