МАЙЛЫ ЗЫҒЫРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ КОНКУРС СОРТЫ СЫНАҒЫ ПИТОМНИГІНДЕ

Авторлар

  • Ергазина Динара Сардарбековна «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС
  • Тыныспаева Бахыткуль Исенжоловна «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС
  • Жамалова Динара Булатовна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Токушева Асель Салимжановна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2611094

Кілт сөздер:

майлы зығыр, сорт, cтандарт, майлылық, өнімділік, питомник

Аңдатпа

Зерттеу Қостанай облысындағы «СХОС Заречное» ЖШС-нің конкурстық сорт сынау питом-нигінде әртүрлі экологиялық-географиялық шығу тегі бар майлы зығыр (Linumusitatissimum L.) үлгілерінің өнімділігі мен шаруашылыққа құнды белгілерін кешенді бағалау мақсатында жүргізілді. Зерттеудің өзектілігі Солтүстік Қазақстанның контрасты топырақ-климаттық жағдайларына төзімді, жоғары өнімді және бейімделгіш генотиптерді іріктеу қажеттілігімен айқындалады.
Зерттеудің мақсаты селекциялық үдерісте әрі қарай пайдалануға және өндірістік егістерге енгізу геперспективалы, жоғары өнімді және экологиялық пластикалы сорт үлгілерін анықтау болды. Зерттеу барысында өсімдіктердің биіктігі, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, 1000 тұқым-ның массасы, өнімділік деңгейі және тұқымның майлылығы сияқты морфобиологиялық және шаруа-шылыққа құнды көрсеткіштер бағаланды. Эксперименттік деректер зерттелетін белгілер кешені бойынша салыстырмалы талдау әдісімен өңделді. Конкурстық сорт сынау нәтижесінде өнімділіктің негізгі көрсеткіштері бойынша үлгіле рарасында елеулі айырмашылықтар анықталды.
Ауа райы жағдайларының жылдар бойынша өзгеруіне қарамастан тұқым түзуінің тұрақты-лығымен, вегетациялық кезеңнің оңтайлы ұзақтығымен және жоғары өнімділігімен (17,0 ц/га дейін) ерекшеленетін сорт үлгілері бөлініп көрсетілді.
Алынған нәтижелер майлы зығырмен жүргізілетін селекциялық жұмыстарда конкурстық сорт сынаудың негізгі кезең ретіндегі жоғары тиімділігін растайды және ең перспективалы үлгілерді әрі қарай сынауға және өңірдің ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізуге ұсынуға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Ергазина Динара Сардарбековна, «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС

    техника ғылымдарының магистрі, ғылыми қызметкер

  • Тыныспаева Бахыткуль Исенжоловна, «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС

    аға ғылыми қызметкер

  • Жамалова Динара Булатовна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, агрономия кафедрасы профессорының ассистенті

  • Токушева Асель Салимжановна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, агрономия кафедрасы профессорының ассистенті

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-08

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары