БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕТІМ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЕТІСТІККЕ ҰМТЫЛУ МОТИВАЦИЯСЫН ЖӘНЕ МАҚСАТ ҚОЮ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Абенова Саулет Уразбековна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Мухамбетова Амина Динаровна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Жаукина Сауле Алимовна Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай Өңірлік Университеті
  • Соловьева Наталья Анатольевна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2612026

Кілт сөздер:

жетім жасөспірімдер, жетістікке жету мотивациясы, мақсат қою, білім беру мекемесі

Аңдатпа

Бұл мақала жетім жасөспірімдердің жетістікке жету мотивациясы мен мақсат қою ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Осы зерттеу жастардың ең осал санаттарының бірі болып табылатын жетім жасөспірімдердің жетістікке жету мотивациясы мен мақсат қою ерекшеліктерін талдауға бағытталған, өйткені бұл топ үшін әлеуметтену мен кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісінде тиісті мотивациялық саланы қалыптастыру шешуші мәнге ие. Зерттеу Астана қаласындағы «SOS Балалар ауылы» мекемесінде жүргізілді. Бұл – ондағы балалардың тұруы мен білім алуына арналған ерекше жүйесі бар интернат типіндегі ұйым. Бұл зерттеу жастар үйі түлектерінің жетістікке жету мотивациясының деңгейін бағалауға мүмкіндік берді, соның негізінде Қазақстандағы Астана қаласындағы «SOS Балалар ауылы» түлектерінің қазіргі жағдайы, сәтсіздіктен қашу себептері, болашаққа деген оң көзқарастары және басқа да аспектілер туралы қорытындылар жасауға болады. Жасөспірімдердің жетістікке ұмтылу мотивациясы мен мақсат қою көрсеткіштерін әртүрлі өлшемдер бойынша бағалау үшін келесі психодиагностикалық әдістемелер қолданылды: жетістікке жету мотивациясын өлшеуге арналған А.Мехрабианның тест-сауалнамасының модификацияланған нұсқасы; А.А.Реан әзірлеген «Табысқа жету мотивациясы және сәтсіздіктен қорқу» әдістемесі; Ю.М. Орловтың жетістікке қажеттілік шкаласы; Е.П.Ильин мен Н.А.Курдюкова авторлығындағы «Білімді меңгеруге бағыттылық» әдістемесі. Зерттеу нәтижелері жетім жасөспірімдердің жастар үйлерінде тәрбиелену және даму жағдайындағы мақсат қою мен жетістікке жету мотивациясының ерекшеліктері туралы түсінігімізді кеңейтті.

Автор өмірбаяндары

  • Абенова Саулет Уразбековна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD, «Психология» кафедрасының аға оқытушысы

  • Мухамбетова Амина Динаровна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    "Дағдарыс психологиясы" БББ магистранты

  • Жаукина Сауле Алимовна, Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай Өңірлік Университеті

    гуманитарлық ғылымдар магистрі, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы

  • Соловьева Наталья Анатольевна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, шетел тілдері кафедрасының профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар