ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, СТУДЕНТТЕРДІҢ ОНЛАЙН САБАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАУЫН НЕЙРОМАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2622128Кілт сөздер:
Жасанды интеллект (ЖИ), нейромаркетинг, онлайн-сабақтар, білім, цифрлық аватар, эмоцияларАңдатпа
Мақалада жасанды интеллект негізіндегі цифрлық аватарды қолданатын онлайн сабақтарды студенттердің қабылдауын зерттеуге бағытталған нейромаркетингтік зерттеулер ұсынылған. Бұл мақаланың мақсаты — теориялық материалды талдау және жасанды интеллект (цифрлық аватар) қолданылған бейнедәрістер мен шынайы оқытушы жүргізген бейнедәрістердің қабылдану деңгейін салыстыру үшін нейромаркетинг әдістерін пайдалана отырып жүргізілген экспериментті сипаттау. Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі цифрлық технологиялардың рөлінің артуымен және онлайн оқытудың кеңеюімен байланысты. Студенттердің бейнедәрістерді қабылдау деңгейін бағалау үшін Face Reading жабдығы қолданылып, нейромаркетингтік зерттеулер жүргізілді. Студенттердің дәріс материалын қабылдауы әртүрлі жағымсыз, жағымды және бейтарап эмоциялар тұрғысынан қарастырылды. Эмпирикалық зерттеулер көрсеткендей, цифрлық аватар студенттерде көбіне жағымсыз эмоциялар тудырады, бұл материалды меңгеру және есте сақтау процесіне кері әсерін тигізеді. Ал шынайы оқытушы жүргізген дәрістер эмоциялық реакциялардың қарқындылығы төмен болғанымен, жағымды эмоциялардың көптігімен және жағымсыз эмоциялардың төмен деңгейімен ерекшеленді. Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, цифрлық аватар қолданылған дәрістер студенттердің ақпаратты қабылдау және меңгеру деңгейін төмендететінін айтуға болады.

