ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ИНТЕРАКТИВТІ ҚҰРАЛДАРЫ

Авторлар

  • Стамқұлова Жанерке Елуқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Күркебаев Кенжетай Құрманбайұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Сәткенова Жайна Бағашарқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SKVC2622275

Кілт сөздер:

қашықтан оқыту, қазақ тілі, интерактивті әдістер, цифрлық құралдар, communicative approach, blended learning

Аңдатпа

Мақалада қазақ тілін қашықтан оқытудың тиімді әдістері мен интерактивті құралдарын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Қазіргі цифрлық білім беру кеңістігінде қашықтан оқыту – тілдік білім берудің жаңа форматы ретінде қалыптасып, оқыту үдерісін дараландыру мен интерактивтілікті қамтамасыз етудің маңызды құралына айналып отыр. Зерттеудің өзектілігі қазақ тілін меңгерудің сапасын арттыруда инновациялық технологиялар мен педагогикалық тәсілдердің үйлесімділігін анықтауға бағытталған.Зерттеу мақсаты – қашықтан оқытуда қолданылатын тиімді әдістер мен интерактивті құралдардың оқу нәтижелеріне әсерін тәжірибе жүзінде бағалау. Осы мақсатта коммуникативтік тәсіл (communicative approach), тапсырмаға негізделген оқыту (task-based learning), аралас оқыту(blended learning) және «аударылған сынып» технологиясы (flipped classroom) сияқты заманауи әдістер қарастырылып, олардың қазақ тілін үйрету тәжірибесіне бейімделу ерекшеліктері талданды. Эксперименттік бөлімде Google Classroom, Moodle, Kahoot, Quizlet және Zoom сияқты платформаларды пайдалану арқылы интерактивті сабақ құрылымы әзірленіп, білім алушылардың тілдік белсенділігі мен қатысу деңгейі салыстырмалы түрде зерттелді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тиімді әдістер мен интерактивті құралдарды жүйелі қолдану оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін едәуір арттырады, сонымен қатар олардың мотивациясы мен өзіндік оқу белсенділігін күшейтеді. Автор педагогикалық тәжірибеде қашықтан оқыту әдістемесін жетілдіру үшін мұғалімдердің цифрлық және әдістемелік құзыреттілігін арттырудың қажеттілігін атап өтеді.Мақала нәтижелері тіл үйретудің жаңа форматын дамытуға және қазақ тілін оқытудың инновациялық бағыттарын қалыптастыруға ғылыми және практикалық тұрғыдан үлес қосады.

Автор өмірбаяндары

  • Стамқұлова Жанерке Елуқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Филология және әлем тілдері факультетінің 2-курс докторанты

  • Күркебаев Кенжетай Құрманбайұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, доцент

  • Сәткенова Жайна Бағашарқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар