«ИВЕРГЕЛЬ» ПРЕПАРАТЫН ЖЫЛҚЫ САҚАУЫ КЕЗІНДЕ ВАКЦИНАЦИЯ АЛДЫНДА ҚОЛДАНУ: ПАРАЗИТКЕ ҚАРСЫ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG25415

Кілт сөздер:

жылқылар, дегельминтизация, вакцинация,, Streptococcus equi, ивергель, иммундық жауап, антигельминттік тиімділік

Аңдатпа

Бұл мақалада Ивергель препаратының антигельминттік тиімділігі және Streptococcus equi қоздырғышынан туындайтын сақауға қарсы вакцинация кезінде жылқылардың иммундық жауабына ықпалы бағаланды. Экспериментке екі топ жануарлар (әрқайсысы 15 басқа): вакцинациядан 14 күн бұрын Ивергель препаратымен дегельминтизация жүргізілген тәжірибелік топ және тек вакцина енгізілген бақылау тобы қатыстырылды. Копрологиялық талдау емдеуге дейін Strongylidae, Parascarididae және Oxyuridae тұқымдастарының гельминттерін анықтап, инвазия қарқындылығы орта есеппен 540 ± 120 жұмыртқа/г нәжіс құрады. Ивергель препаратын қолданғаннан кейін бұл көрсеткіш 20 ± 18 жұмыртқа/г дейін төмендеп, орташа тиімділігі 89,8 ± 3,7% (p < 0,01) болды. Бақылау тобында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Streptococcus equi-ге қарсы спецификалық антиденелер титрін анықтау нәтижесінде алдын ала дегельминтизацияланған жануарларда олардың деңгейі жоғары екені анықталды: 14-ші күні — 1:640 ± 80, бақылауда — 1:390 ± 70; 28-ші күні — 1:920 ± 90, бақылауда — 1:580 ± 60 (p < 0.05). Сондай-ақ өңделген жануарларда жалпы клиникалық жағдайының жақсарғаны байқалды. Алынған нәтижелер дегельминтизацияның иммундеу алдында жүргізілуі гуморальдық иммундық жауаптың айқынырақ қалыптасуына ықпал ететінін, жанама реакциялар қаупін төмендететінін және жылқы сақауы кезінде кешенді профилактикасында маңызды кезең ретінде ұсынылуы мүмкін екенін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Борсынбаева Асия Маденовна, "БиоВет" ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС

    PhD, аға ғылыми қызметкер

  • Тургенбаев Қайрат Алтынбекұлы, "БиоВет" ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС

    ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер

  • Жантелиева Лаура Оразақынқызы, "Зоология институты" ШЖҚ РМК

    PhD, аға ғылыми қызметкер

  • Микниене Зоя, Литва денсаулық ғылымдары университеті

    PhD докторы, доцент

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар