ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМ ҚАШАРЛАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЗООТЕХНИКАЛЫҚ БАҒАЛАУЫ

Авторлар

  • Айтжанова Индира Нурлановна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-8940-6845
  • Найманов Досқали Құрмашевич «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Кажиякбарова Айгерим Тулегеновна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Абенова Жазирайым Муратбековна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2611067

Кілт сөздер:

етті ІҚМ, қазақтың ақбас тұқымы, аталық із, көбею қабілеті, төлдеу

Аңдатпа

 

Мақалада Солтүстік Қазақстан жағдайында қазақтың ақбас тұқымды ремонттық қашарларын өсіру технологиясының зоотехникалық бағасы берілген. Зерттеудің мақсаты – әртүрлі аталық іздерге (Ветеран 7880, Мир 2497 және Байкал) жататын қашарлардың өсуі, дамуы және репродуктивтік қасиеттерін салыстыра отырып, асыл тұқымдық мақсатта өсірудің оңтайлы технологиясын анықтау.  Зерттеулер «Олжа Боровское» ЖШС базасында жүргізілді, тәжірибеге әр топтан 10 бастан, барлығы 30 қашар алынды. Қашарлар туғаннан 18 айлық жасқа дейін өсіріліп, тірі салмақ, орташа тәуліктік өсім, қанның морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштері, сондай-ақ көбею қабілеті зерттелді.  Нәтижесінде Ветеран 7880 аталық ізінің қашарлары 18 айлығында ең жоғары тірі салмаққа жетіп, 465,9 кг көрсетті, бұл Мир 2497 және Байкал топтарынан тиісінше 26,0 және 45,6 кг-ға жоғары болды. Орташа тәуліктік өсім барлық өсіру кезеңінде 820 г құрап, басқа топтардан 4,9–9,0% артық болды. Бұл топта эритроциттер саны 6,96×10¹²/л, гемоглобин мөлшері 175,2 г/л деңгейінде тіркелді. Репродуктивтік көрсеткіштер бойынша да артықшылық байқалып, нәтижелі ұрықтандыру жасы 471 тәулік, төлдеу көрсеткіші 100% болды.  Алынған нәтижелер Ветеран 7880 аталық ізінен тараған қашарларды өсірудің биологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді.

Автор өмірбаяндары

  • Айтжанова Индира Нурлановна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Найманов Досқали Құрмашевич, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының профессоры

  • Кажиякбарова Айгерим Тулегеновна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, ғылым және коммерцияландыру басқармасының маманы

  • Абенова Жазирайым Муратбековна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, стратегиялық және тұрақты даму офисінің маманы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-02

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары