КРАХМАЛ-МОЧЕВИНА НЕГІЗІНДЕГІ ТЫҢАЙТҚЫШ ҚҰРАМЫ МЕН ФИТОУЫТТЫЛЫҒЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Макенова Меруерт Мейрамовна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0001-7232-4061
  • Бостубаева Макпал Булатовна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-0760-4339
  • Бахралинова Айжан Сагидуловна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0009-0009-3130-2283
  • Арапов Айдос Айтпаевич «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2611151

Кілт сөздер:

шығарылуы бақыланатын тыңайтқыштар, крахмал, мочевина, экструзия, түйіршіктердің беріктігі, фитоуыттылық.

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі минералды тыңайтқыштарды қарқынды қолдану барысында азоттың 40–70%-ға дейінгі бөлігінің шайылу және булану арқылы жоғалуы нәтижесінде экологиялық қауіптердің артуымен және тыңайтқыштарды пайдалану тиімділігінің төмендеуімен айқындалады. Осыған байланысты қоректік заттарының шығарылуы бақыланатын, экологиялық қауіпсіз тыңайтқыштарды әзірлеу өзекті ғылыми мәселе болып табылады. Зерттеудің мақсаты – крахмал мен мочевина арақатынасының тыңайтқыштардың физика-химиялық, механикалық және фитотоксикалық қасиеттеріне әсерін сандық тұрғыдан бағалау. Зерттеу міндеттеріне әртүрлі крахмал/мочевина қатынастарында (20/80, 40/60, 50/50 және 80/20) тыңайтқыш үлгілерін алу, олардың түйіршік беріктігін, абразивті тозу шығындарын, мочевинаның шайылу жылдамдығын және фитоуыттылығын анықтау кірді.Зерттеудің ғылыми мәні – крахмалдың биополимерлік матрица ретінде әрекет етуі және 2%-дық калий гидроксиді ерітіндісінің желатинизацияны жақсарту арқылы түйіршіктер құрылымына әсерін негіздеуде. Экструзия әдісімен алынған түйіршіктердің беріктігі крахмал үлесіне тәуелді болып, 20/80 қатынасында 0,5–0,7 МПа, ал 50/50 және 80/20 қатынастарында 1,0–1,2 МПа деңгейінде анықталды. Абразивті тозу шығындары крахмал 20% болғанда 10–12%-ға жетсе, крахмал мөлшері 50–80% үлгілерде 1–2% ғана құрады. Мочевинаның 1 сағаттағы шайылу мөлшері 80% мочевина бар үлгілерде 55–65% болса, крахмал үлесі жоғары нұсқаларда бұл көрсеткіш 5–6%-ға төмендеді.Фитотоксикалық бағалау нәтижелері кресс-салат тұқымдарының өнгіштігі көпшілік үлгілерде 95–100% аралығында болғанын көрсетті, ал 25% экстракт концентрациясында тамыр өсуі 12–27%-ға дейін ынталандырылды. Алынған нәтижелер крахмал–мочевина тыңайтқыштарының экологиялық қауіпсіз, механикалық тұрғыдан тұрақты және баяу әсер ететін азот тыңайтқыштары ретінде агрохимия саласына маңызды үлес қосатынын және практикалық қолдануға жоғары әлеуетке ие екенін дәлелдейді.

Автор өмірбаяндары

  • Макенова Меруерт Мейрамовна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    PhD, аға оқытушы

  • Бостубаева Макпал Булатовна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    PhD, аға оқытушы

  • Бахралинова Айжан Сагидуловна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    PhD, аға оқытушы

  • Арапов Айдос Айтпаевич, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    ««Табиғи ресурстарды тұрақты басқару» ББ 1 курс магистранты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-02

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары