ЧИЗЕЛЬДІ ТЕРЕҢҚОПСЫТҚЫШ-ТЫҢАЙТҚЫШ құрылғы
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2611169Кілт сөздер:
чизель, тереңқопсытқыш, тыңайтқыш құрылғы, минералды тыңайтқыштар, саралап енгізу, тыңайтқыш сепкіш аппаратАңдатпа
Қазақстанда бидайдың орташа өнімділігі 11-14 ц/га (потенциалды мүмкіндік 40-45 ц/га) шегінде екені белгілі және мұның негізгі себептері топырақтың тозуы мен нығыздалуы, минералды тыңайтқыштарды қолдану тиімділігінің төмендігі болып табылады. Топырақты қопсыту және өсімдіктерді оңтайлы қоректендіруді қамтамасыз ету үшін терең қопсыту және минералды тыңайтқыштарды көлемді енгізу қажет. Зерттеу мақсаты – дәл егіншілік жүйесінде минералды тыңайтқыштарды топырақты терең қопсытумен қатар деңгейлі әрі саралап енгізуге арналған техникалық құралды әзірлеу арқылы дақылдардың өнімділігін арттыру. Солтүстік және Орталық Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып, теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелері негізінде бір мезгілде тыңайтқыштардың екі түрін 3 деңгейлі (8...10 см-де 3-деңгей, 16...18 см-де 2-деңгей және 23...25 см-де 1-деңгей) тереңдіктерге саралап енгізе отырып, топырақты терең қопсытуды жүзеге асыратын чизельді тереңқопсытқыш-тыңайтқыш құрылғы әзірленді. Мұнда (1) және (2) деңгей өңдеудің толық тереңдігіне қарамастан жұппен, ал (3) деңгей бөлек реттеледі. Зертханалық-өндірістік сынақтардың нәтижелері тыңайтқыш құрылғының жалпы жүк көтергіштігі 2430–2700 кг, өткізу қабілеті – 0,032-ден 0,274 кг/с-қа дейін, беру мөлшерінің саралануы 0-ден 495 кг/га-ға дейін екенін көрсетті. Тыңайтқышты беру мөлшерінің тұрақсыздығы 3,1%, жұмыс ені бойынша біркелкі бөлінбеуі – 3,5-4,1% құрады.

