ГРЕК МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ САКРАЛДЫ КЕҢІСТІК НЫСАНДАРЫНЫҢ ОБРАЗЫН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Жүнісова Даяна Нұрқанатқызы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Юсуп Айжан Нұрашқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Юсуп Пархат Қорабайұлы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Балғабаева Гаухар Зкрияқызы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SKVC2622106

Кілт сөздер:

Грек мифологиясы, сакралды кеңістік, көркем образ, мифопоэтика, кеңістік символикасы

Аңдатпа

Адамзат өркениетіндегі көркемдік ойлаудың түрлі кезеңдерінде сырлы әлемнің құпиясына үңілу, оның қоғамға беймәлім тұстарын тану күрделі әрі қызықты мәселе болып келген. Бұл тұста әсіресе көркем мәтіндегі мистикамен киелілік, яғни сакральділіктің тылсымын тану барша ойшылдар мен ғалымдардың зерттеу нысанына айналды. Осыдан келіп бұл бағыттағы зерттеулердің өзектілігі түрлі халықтармен әр дәуірдің ғылымында бірте-бірте арта берді. Бұл мақалада грек мифологиясы мен әдебиетіндегі киелі кеңістіктегі нысандар образының көркемдік-бейнелі көрінісіне талдау жасау мақсаты қойылды. Жаратылыстың құпиялары мен табиғат тылсымдары туралы әр замандағы ғылыми, діни, тіпті белгілі бір ұлтқа ғана тән көзқарастарға сараптау жүргізу осы мақсатқа тән көзделеді. Мақаланы жазу барысында салыстырмалы, интерпретациялық талдау әдістері қолданылған. Негізінен грек мифологиясында киелі жерлер образы көне халықтың тарихи даму үдерісінен, ұлттық таным түсінігінен мол хабар беретін архетиптік бейне ретінде маңызды рөл атқарады. Өйткені халық жадында әлі күнге дейін қасиетті мекендер мен нысандарға деген қызығушылық бәсеңдеген жоқ. Сол себепті киелі нысандарға құлшылық етіп, әулиелі жерлерге тәуетіп, түнеу дәстүрі бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Мақалада оқу процесінде грек мифологиясындағы сакралды кеңістік бейнелерін зерттеудің педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Негізгі мифологиялық локустар (Олимп, жер асты әлемі, қасиетті тоғайлар мен храмдар) оқушылардың тарихи ойлау қабілетін, құндылықтық бағдарларын және мәдениетттік компетенттілігін қалыптастыру құралдары ретінде талданады. Арнайы назар осы тақырыпты оқытудың әдістемелік тәсілдеріне аударылады, соның ішінде пән аралық байланыстарды қолдану, көрнекі деректермен жұмыс және проблемалық оқыту әдістері. Мақалада мифологиялық бейнелердің оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудағы жоғары дидактикалық әлеуеті туралы қорытынды жасалады.

Автор өмірбаяндары

  • Жүнісова Даяна Нұрқанатқызы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

    лингвистика магистрі

  • Юсуп Айжан Нұрашқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторы

  • Юсуп Пархат Қорабайұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    PhD докторы

  • Балғабаева Гаухар Зкрияқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарих кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар