«ASTANA» ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ИТТЕРДІҢ ВЕНЕРИЯЛЫҚ САРКОМАСЫ КЕЗІНДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР.

Авторлар

  • Мурзакаева Гульмира Калихановна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-0282-8747
  • Ергазина Асель Михайловна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0003-0083-1851
  • Сапа Владислав Андреевич «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0001-9108-0111
  • Әмірова Қатира Төлеуқызы «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0009-0004-8080-4953

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2611024

Кілт сөздер:

ит, трансмиссивті венериялық саркома, гематология, цитология, морфология, эпизоотология

Аңдатпа

Мақалада 2024–2025 жылдары Астана қаласындағы ветеринариялық-диагностикалық орталық базасында жүргізілген иттердің трансмиссивті венериялық саркомасы (ТВС) кезінде байқалатын клиникалық, гематологиялық және морфологиялық өзгерістерді кешенді зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты иттер арасында ТВС-тың таралу деңгейін бағалау, аурудың қауіп факторларын анықтау және оның негізгі диагностикалық белгілерін сипаттау болып табылады. Зерттеу барысында әртүрлі тұқымдарға, жас топтарына және ұстау жағдайларына жататын 2500 ит клиникалық тексеруден өткізілді. Тексерілген жануарлардың ішінде 425 жағдайда онкологиялық патология анықталып, олардың 23-іне (5,4%) трансмиссивті венериялық саркома диагнозы қойылды. Анамнездік деректерді талдау аурушаңдықтың жынысына, жасына, тұқымдық ерекшеліктеріне және ұстау жағдайларына тәуелді екенін көрсетті. ТВС көбіне аталық иттерде тіркеліп, олардың үлесі 73,9%-ды құрады, бұл ісіктің берілу механизмі мен жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін. Клиникалық зерттеулер барысында аурудың негізгі белгілері ретінде сыртқы жыныс мүшелерінен қан аралас немесе іріңді бөлінділердің бөлінуі, сондай-ақ жыныс мүшелері аймағында ісік тәрізді түзілімдердің пайда болуы анықталды. Асқынған жағдайларда жалпы интоксикация белгілері, дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік және тәбеттің төмендеуі байқалды. Гематологиялық зерттеулерде асқынған түрінде анемия мен лейкоцитоз белгілері тіркелді. Цитологиялық зерттеу ісік жасушаларына тән морфологиялық белгілерді анықтап, диагнозды толық растады. Алынған нәтижелер ТВС патогенезі туралы ғылыми түсініктерді кеңейтіп, ерте диагностика мен ветеринариялық онкология тәжірибесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Мурзакаева Гульмира Калихановна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    PhD, жануарлар ғылымы және ветеринария институттың аға оқытушысы

  • Ергазина Асель Михайловна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, ветеринариялық медицина кафедрасы профессордың ассистенті

  • Сапа Владислав Андреевич, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD,  ветеринариялық  медицина  кафедрасының  қауымдастырылған профессорі

  • Әмірова Қатира Төлеуқызы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    PhD докторант

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-02

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар