СУАЛУ КЕЗЕҢДЕГІ СИЫРЛАРДЫҢ АЗЫҚ РАЦИОНДАРЫНДАҒЫ БЕЙТАРАП-ЖУҒЫШ ЖАСҰНЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙГЕ ЖӘНЕ МЕТАБОЛИТТІК БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2621210Кілт сөздер:
рациондарды оңтайландыру, құрылымдық көмірсуларды тұтыну, тағамдық жасұнық фракциялары, мес қарын метаболизмі, энергия-ақуыз балансы, кальций-фосфор қатынасы, азықтандыру күйзелісіАңдатпа
Мақалада суалу кезеңдегі сиырлардың азық рациондарындағы бейтарап-жуғыш жасұнық деңгейінің физиологиялық күйге және метаболиттік бұзылыстардың алдын алуға әсері зерттелді. Тәжірибелер Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі өнеркәсіптік сүт шаруашылығы жағдайында («Олжа-Садчиковское» ЖШС, Қостанай обл) голштин тұқымды сиырлардың төлдеуге дейінгі 3 және кейінгі 3 апта аралығын қамтитын аралық кезеңінде жүргізілді. Азықтардың химиялық құрамы Van Soest детергенттік талдау жүйесі бойынша ANKOM анализаторы арқылы AOAC, ISO және МЕМСТ стандарттарына сәйкес анықталды. Ерте және кеш суалу мерзімдеріне арналған энергия-ақуыз теңгерімі барынша сақтала отырып, БЖЖ реттелген азық рациондар құрастырылды. Рацион құрылымы, қоректік заттарды тұтыну мөлшері, мес қарындағы ашыту көрсеткіштерінің жанама индикаторлары, минералдық теңгерім және де кейбір зоотехникалық параметрлер бағаланды. Дәстүрлі рациондардағы құрылымдық жасұнық мөлшерінің шамадан артық болуы алмасу энергиясының төмендеуіне, кальций-фосфор қатынасының бұзылуына, катион-антион айырмасы (DCAD) деңгейінің жоғарылауына және метаболиттік бұзылыстар қаупінің артуына әкелетіні айқындалды. БЖЖ мөлшерін оңтайландыру мес қарын микрофлорасының тұрақтануына, азық тұтынудың артуына, азықтандыру күйзелісінің төмендеуіне және сиырлардың төлдеу мен лактацияның басталуына физиологиялық бейімделуінің жақсаруына ықпал етті.

