СҮТТІ ІРІ ҚАРА МАЛ ТАБЫНЫҢ ҰДАЙЫ КӨБЕЮІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ДИАГНОСТИКАЖӘНЕ ЖЫНЫСЫ СҰРЫПТАЛҒАН ҰРЫҚТЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2621039Кілт сөздер:
сүтті ірі қара мал шаруашылығы, табынның көбеюі, ультрадыбыстық диагностика, гинекологиялық патологиялар, аналық бездердің гипофункциясы, гормондық терапия, жынысы бойынша сұрыпталған шәуетАңдатпа
Мақалада сүтті ірі қара мал табынының көбею қабілетін жетілдіруге бағытталған заманауи тәсілдер қарастырылған, оның ішінде ультрадыбыстық диагностика мен дифференциалды гормондық түзету сұлбаларын қолдану мәселелері. Зерттеудің мақсаты – сиырлардың жүктілігін ерте анықтау және гинекологиялық патологияларды айқындау үшін ультрадыбыстық әдістің тиімділігін бағалау, сондай-ақ кейін жүргізілген емдеу нәтижелерін сараптау болып табылады. Зерттеу 133 бас сиыр өсіретін шаруа қожалығы жағдайында жүргізілді. Барлық жануарлар бірдей күтіп-бағу және азықтандыру жағдайларында, зоотехникалық талаптарға сәйкес ұсталды. Нәтижелер бойынша, тік ішек арқылы пальпациялау әдісімен салыстырғанда УДЗ репродуктивтік бұзылыстары бар дарақтарды көбірек анықтауға мүмкіндік береді (19 жағдаймен салыстырғандағы 24) және олардың физиологиялық күйін дәлірек бағалауды қамтамасыз етеді. Анықталған патологиялар құрылымында аналық бездердің гипофункциясы, эндометрит және фолликулярлық кисталар басым болды. Дифференциалды емдеу тәсілін қолдану нәтижесінде зардап шеккен жануарлардың 79,2% репродуктивтік функция қалпына келтірілді. Ең жоғары тиімділік аналық без гипофункциясы кезінде (85,7%), ал ең төменгі көрсеткіш эндометрит жағдайында (66,7%) байқалды. Алынған нәтижелер сүтті ірі қара мал шаруашылығында репродуктивтік басқаруды жетілдіруде инновациялық диагностикалық әдістердің жоғары практикалық маңызын айқындаған.

