СІБІР ЖАРАСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ ЖАНУАРЛАРДАҒЫ ИММУНИТЕТТІҢ КЕРНЕУЛІГІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_2_8Кілт сөздер:
вакцинациялау, антиденелер, иммунитет, сібіржарасы, жануарларАңдатпа
Қорытынды
Сібір жарасы Қазақстан аумағында көптеген жылдар бойы тіркеліп келеді. Бұл инфекцияның алдын-алудың негізгі әдісі-нақты арнайы вакцинация. Жалпы елдегі сібір жарасы бойынша эпизоотологиялық және эпидемиологиялық жағдай препараттардың сапасына және жануарларға вакцинация жүргізуге байланысты. Зерттеудің мақсаты республиканың түрлі аймақтарында сібір жарасына қарсы вакцинацияланған жануарлардың иммунологиялық статусын зерттеу болып табылды. Зерттеу әдістері мен принциптері Сібір жарасы вакцинасымен иммундалған жануарлардың иммунологиялық жағдайын бағалау үшін қан сарысуының үлгілері алынды және зерттелді. Қан сарысуының сынамалары республиканың әртүрлі өңірлеріндегі сібір жарасы бойынша стационарлық қолайсыз пункттерден іріктелініп таңдап алынды. Алынған қан сарысулары тікелей емес гемагглютинация реакциясында, макрометодпен зерттелді.
Жүргізілген зерттеулер, сібір жарасы вакцинасымен иммундалған жануарлардың 95% - а вакцинациядан кейін 5 - 6 ай өткен соң сібір жарасы антигеніне антиденелердің пайда болуын көрсетті. Сонымен бірге, зерттелген жануарлардың жалпы санына шаққанда қанның сарысуындағы антиденелер олардың 5% - ында толығымен жоқ болды, ал 13,3% - ында вакцинациядан кейінгі антиденелер төмен титрлерда болатындығы анықталды.