ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА БОЛАШАҚ ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН КВЕСТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ МОДЕЛЬДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/Кілт сөздер:
квест-технологиялар, кәсіби даярлық, болашақ химия мұғалімдері, цифрлық білім, модельдеуАңдатпа
Мақалада цифрлық білім беру ортасында квест-технологияларды қолдану негізінде болашақ химия мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі педагогикалық білім беруде пәндік-әдістемелік, цифрлық, коммуникативтік және шығармашылық құзыреттерді кешенді дамыту қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – квест-технологиялар негізінде болашақ химия мұғалімдерінің кәсіби даярлығын модельдеу, ұсынылған модельдің құрылымдық-компоненттік мазмұнын анықтау және оны педагогикалық эксперимент барысында апробациядан өткізу. Зерттеуге 19–21 жас аралығындағы 18 үшінші курс студенті қатысты: эксперименттік топта 11 студент, бақылау тобында 7 студент болды. Эксперимент бір академиялық семестр бойы жүргізілді. Зерттеу барысында теориялық талдау, педагогикалық модельдеу, бақылау, сауалнама, әңгімелесу, диагностикалық тапсырмалар, рефлексивтік эссе, портфолио материалдарын талдау және салыстырмалы сипаттамалық әдістер қолданылды. Эксперименттік топта цифрлық химиялық квесттер, соның ішінде «Табиғаттағы су. Судың кермектігі» тақырыбындағы тапсырмалар жүйесі пайдаланылды. Пилоттық зерттеу нәтижелері эксперименттік топ студенттерінің кәсіби уәждемесі, оқу-танымдық белсенділігі, цифрлық ресурстарды қолдануы, топтық әрекеті және шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша оң өзгерістер байқалғанын көрсетті. Зерттеудің шағын іріктемесіне байланысты алынған нәтижелерді кең көлемде жалпылау шектеулі. Ұсынылған модель педагогикалық жоғары оқу орындарында химия мұғалімдерін даярлау барысында квест-технологияларды жүйелі қолданудың ғылыми-әдістемелік негізін нақтылауға мүмкіндік береді.

