ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА ИММЕРСИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ: ҚАЗІРГІ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/Кілт сөздер:
арнайы білім беру, иммерсивті технологиялар, зияты зақымдалған балалар, әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар, виртуалды шындықАңдатпа
Білім беруді цифрландыру зияты зақымдалған балалардың әлеуметттік-тұрмыстық дағдыларын қалыптастырудың нәтижелілігін арттыратын педагогикалық шешімдерге деген сұранысты күшейтуде. Мақаланың мақсаты – осы санаттағы білім алушылармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмысында иммерсивті технологияларды (виртуалды, толықтырылған және аралас шындықты) қолдануға арналған отандық және шетелдік зерттеулерге аналитикалық шолу жасау. Зерттеу материалы ретінде рецензияланатын журналдарда жарияланған еңбектер мен ғылыми дерекқорлардағы жарияланымдар пайдаланылды. Зерттеу барысында теориялық талдау, салыстыру және дереккөздерді жүйелеу әдістері қолданылды. Күнделікті өмірлік іс-әрекет дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері (мәдени-тарихи, нейропсихологиялық және дизонтогенетикалық тәсілдер) қарастырылады, сондай-ақ иммерсивті орталардың білім барысында мазасыздық деңгейін төмендетуге ықпалын көрсететін S. Parsons пен S. Cobb, J. Radianti және әріптестері, G. Makransky мен G.B. Petersen және басқа да авторлардың зерттеулері қорытындыланды. Иммерсивті оқытудың педагогикалық әсерлері (уәждемелік, когнитивтік, мінез-құлықтық және әлеуметтік) айқындалып, енгізу шектеулері белгіленді: бейімделген әдістемелердің жеткіліксіздігі, педагогтерді арнайы даярлау қажеттілігі және сенсорлық артық жүктеме қаупі. Мақаланың практикалық маңыздылығы әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды дамытуда иммерсивті технологияларды қолданудың дәлелді бағыттарын жүйелеуінде және арнайы білім беру жүйесінде түзете дамыту бағдарламаларын жобалауға арналған бағдарларды айқындауында көрініс табады.

