ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНДАРЫ ТОПЫРАҚТАРЫ МЕН ФИЛЬТРАТТАРЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН АГРОХИМИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АГРОЦЕНОЗДАР ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІП-ҚАТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/SKVC2621125

Кілт сөздер:

топырақтың ластануы, ҚТҚ полигондары, ауыр металдар, фильтрат, агроценоздар, экологиялық қауіп-қатер, геохимиялық ластану индекстері

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының Ақмола облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарының топырақтары мен фильтраттарының ластануына кешенді агрохимиялық баға беріліп, ластаушы заттардың миграциялық механизмдері анықталып, агроценоздар үшін экологиялық қауіп-қатер деңгейі бағаланды. Зерттеу 15 ҚТҚ полигонында және бір бақылау учаскесінде алынған топырақ пен фильтраттың композиттік үлгілерін талдауға негізделген. Ластанудың интегралды бағасын алу үшін жергілікті фон деңгейін ескере отырып есептелген суммарлық ластану көрсеткіші (Zc) және геоаккумуляция индексі (Igeo) қолданылды. «Фильтрат–топырақ» жүйесіндегі миграциялық байланыстар Пирсон корреляция коэффициенті арқылы талданып, жылулық карталар көмегімен визуализацияланды. Зерттеу нәтижесінде полигондар әсер ететін аймақтарда топырақ ластануының созылмалы және диффузиялық сипатта екені, көптеген жағдайларда санитарлық нормативтерден асусыз латентті түрде көрінетіні анықталды. Суммарлық ластануда негізгі элемент ретінде мырыш басым болды, ал кадмий фильтраттағы төмен концентрацияларына қарамастан Igeo мәндері бойынша тұрақты техногендік фон қалыптастыратыны көрсетілді. Сынап пен қорғасынның локальды жиналу ошақтары экологиялық тұрғыдан жоғары маңыздылығымен ерекшеленеді. Фильтрат құрамын талдау оның жоғары минералданғанын және қиын ыдырайтын органикалық қосылыстардың басым екенін көрсетті, бұл улы элементтердің миграциясын күшейтеді. Корреляциялық талдау фильтраттың топырақтың екінші реттік ластануын қалыптастырудағы шешуші рөлін, әсіресе Cd, As, Pb және K элементтері үшін, растады. Алынған нәтижелер ҚТҚ полигондарын экологиялық бағалау мен агроландшафттардың жағдайын мониторингтеу кезінде интегралды индекстерді және қауіп-қатерге бағдарланған тәсілді қолданудың қажеттілігін негіздейді.

Автор өмірбаяндары

  • Құрманбаева Айгүл Сапарбекқызы, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ

    биология ғылымдарының кандидаты, тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасының профессоры

  • Баязитова Зульфия Ерзатовна, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ

    биология ғылымдарының кандидаты, тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасының профессоры

  • Сафронова Наталья Михайловна, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ

    биология ғылымдарының кандидаты, биология және оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры

  • Жапарова Саягүл Бекетқызы, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ

    техника ғылымдарының кандидаты, тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасының профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары