АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БИОПРЕПАРАТТАРДЫҢ ЖАЗДЫҚ БИДАЙДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2621137Кілт сөздер:
жаздық жұмсақ бидай, биологиялық препараттар, өнімділік, ақуыз, шикі дән желімшесі, натуралдық массаАңдатпа
Мақалада Ақмола облысы жағдайында биологиялық препараттардың жаздық жұмсақ бидайдың өнімділігі мен дән сапасының негізгі көрсеткіштеріне әсері зерттелді. Зерттеу барысында бақылау және биопрепараттар қолданылған нұсқаларда өнімділік, ақуыз мөлшері, шикі желімше, шикі желімшенің ИДК бірлігі, сондай-ақ 1000 дән массасы, натуралдық масса және дәннің шынылығы анықталды. Нәтижелер бойынша өнімділік 17,4–23,4 ц/га аралығында өзгеріп, ең жоғары көрсеткіш Mycorhiza нұсқасында байқалып (23,4 ц/га), ақуыз мөлшері 12,5–15,1% аралығында өзгерді. Шикі желімше мөлшері 20,6–29,8% аралығында болды және дән желімшесінің көрсеткіші бойынша I классқа бақылау (28,5%), COLD (29,8%), BRONZE (29,6%) және Mycorhiza (28,4%) нұсқалары жатқызылды. Шикі желімшенің ИДК мәні 68,6–76,8 бірлік аралығында болып, ең жоғары көрсеткіш Organit N+P+S+B нұсқасында байқалды -76,8. Дәннің сапа көрсеткіштері бойынша 1000 дән массасы 33,4–34,7 г, натуралдық масса 653,3–694,0 г/л, шынылық 46,0–55,5% қалыптасты. Жалпы, биопрепараттарды қолдану өнімділік пен дән сапасының жекелеген көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері көрсеткендей Mycorhiza нұсқасы өнімділік бойынша, ал COLD және BRONZE ақуыз көрсеткіштері бойынша перспективті нұсқалар ретінде бағаланды.

