КАРТОПТАҒЫ ЛИСТЕРИЯЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ҚАБІЛЕТІ
КАРТОПТАҒЫ ЛИСТЕРИЯЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ҚАБІЛЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_23Кілт сөздер:
листериялар, концентрация, L.monocytogenes, өміршеңдігіАңдатпа
Бұл мақалада картоп үлгілеріндегі листериялардың өміршеңдігі туралы зерттеулер жүргізілді. Листериялар барлық температура жағдайында рН 6,10-6,18 болатын зарарсыздандырылған картоп шырынында көбейтілді. Стерильденген сынамалардағы листериялардың бастапқы концентрациясы айтарлықтай өсті және 40С кезінде 1,4-110,0 мың КТБ/мл, 180С кезінде 5,0-3606,6 мың КТБ/мл, 370С кезінде 12333,3-73600 мың КТБ/мл жетті. Стерильді емес сынамалардағы зерттеу нәтижелері 40С температурада рН 6,2-6,61 деңгейінде сақталғанын көрсетті. Сол температуралық режимдегі бастапқы концентрация артып, 1 тәулікке 2,4-3,0 мың КТБ/г құрады және зерттеудің 9-шы күнінде листерияның концентрациясы 17,9-18,6 мың КТБ/г-ға жетті. Картоп сынамаларында 180С-те листерияның бастапқы концентрациясы 40,0-43,0 мың КТБ/г-ға өсті және 5-ші күні аздап өсті және 133,7-142,3 мың КТБ/г құрады. Термостаттағы ұқсас сынамаларда 370С листериялардын бастапқы концентрациясы бір тәуліктен кейін 39,3-42,3 мың КТБ/г құрады, ал 7-9 күнде листериоз концентрациясы 0,01 мың КТБ/г дейін төмендеді.
Осылайша, зерттеу нәтижелері листериоздың қоздырғышы, оның әртүрлі өсімдік субстраттарына бейімделуі туралы идеяны кеңейтуге көмектеседі.