ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2611250

Кілт сөздер:

шетелдік тәжірибе, цифрлық технологиялар, экономикалық үдерістерді басқару, автоматтандыру, жасанды интеллект, үлкендеректер, инновациялық әдістер, экономикалық трансформация, үдерістердіоңтайландыру, цифрлық трансформация

Аңдатпа

Мақалада экономикалық үдерістерді басқаруда цифрлық технологияларды пайдалану жөніндегі халықаралық тәжірибе қарастырылып, әлемнің әртүрлі елдеріндегі цифрлық трансформацияның негізгі үрдістері мен тәжірибелеріне талдау жасалған. Ерекше назар цифрландырудың мемлекеттік және корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыруға, инновациялық экономиканы дамытуға және бизнес-үдерістерді оңтайландыруға әсеріне аударылады. Зерттеу барысында экономикалық қызметке цифрлық платформаларды, үлкен деректер жүйелерін, жасанды интеллектті, блокчейн-технологияларды және заттар интернетін енгізудің табысты мысалдары қарастырылады. АҚШ, Германия, Қытай және Сингапур сияқты жетекші елдердің цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыруға және инновацияларды ынталандыруға бағытталған стратегиялары талданған. Сонымен қатар, цифрлық теңсіздік пен киберқауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ заңнаманы жаңа технологиялық жағдайларға бейімдеу проблемалары жеке қарастырылады. Зерттеу нәтижелері цифрлық технологияларды пайдалану ашықтықты арттыруға, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға және экономикалық жоспарлау сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Мақалада тұрақты және теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы қорытынды жасалған.

Автор өмірбаяндары

  • Абаева Гульдер Ивановна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨҰ

    экономика ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрысынұлы атындағы Қостанай регионалдық университетінің, бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Жусупбекова Гүлжаухар Есламхановна, Астана халықаралық университетінің Экономика жоғары мектебі

    экономика ғылымдарының магистрі, Астана халықаралық университетінің Экономика жоғары мектебінің аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-02

Журналдың саны

Бөлім

Экономикалық ғылымдар