ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ (ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ) АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТОПЫРАҚТАРЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ТҮРЛЕРІНІҢ МӨЛШЕРІН ICP-OES ӘДІСІМЕН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2621167Кілт сөздер:
ауыр металдар, шекті рұқсат етілген концентрациялар, фондық концентрациялар, ауыл шаруашылығы топырақтары, ICP-OES, топырақтың геохимиялық жағдайы, экологиялық бағалауАңдатпа
Индуктивті байланысқан плазмамен оптикалық-эмиссиялық спектрометрия (ICP-OES) әдісімен элементтердің жылжымалы түрлерінің мөлшерін анықтау негізінде Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Денисов ауданының ауыл шаруашылығы топырақтарының геохимиялық және экологиялық жай-күйіне, оның ішінде олардың егістік горизонтындағы ауыр металдардың жылжымалы түрлерінің құрамын зерттеуге бағалау жасалды. Зерттеу барысында шамамен 932 га ауыл шаруашылығы алқабынан алынған топырақтың 0–25 см қабатындағы 38 аралас үлгі талданды. Zn, Cd, Pb, Ni, Cr, Fe және As металлоидының мөлшері анықталды. Топырақтағы элементтердің таралу өзгергіштігін бағалауға мүмкіндік беретін сипаттамалық статистиканың негізгі көрсеткіштері, соның ішінде концентрациялардың орташа мәндері, элементтер мөлшерінің диапазоны және вариация коэффициенті есептелді. Элементтердің орташа концентрациялары: As – 0,176 мг/кг, Zn – 0,662 мг/кг, Cd – 0,042 мг/кг, Pb – 0,253 мг/кг, Ni – 3,357 мг/кг, Cr – 0,357 мг/кг, Fe – 25,89 мг/кг болды. Алынған нәтижелерді шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) нормативтерімен салыстыру ауыр металдардың жылжымалы түрлерінің мөлшері белгіленген санитарлық-гигиеналық нормативтерден аспайтынын көрсетті; тек жалпы мөлшері бойынша нормаланатын As, Pb және Cd үшін салыстыру бағдарлы сипатта болады. Алынған мәліметтер зерттелетін аумақтың ауыл шаруашылығы топырақтарының геохимиялық жағдайының қолайлы екендігін көрсетеді, Солтүстік Қазақстанның далалық топырақтары үшін фондық көрсеткіштер ретінде пайдаланылуы мүмкін және өңірлік экологиялық мониторингтің негізі ретінде бола алады.

