ҚАМЫСТЫ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫН ICP-OES ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2621199Кілт сөздер:
ауыр металдар, ICP-OES, топырақтың ластануы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, агрохимиялық зерттеуАңдатпа
Бұл мақала Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қамысты ауданының ауыл шаруашылығы жерлерінің топырағындағы ауыр металдардың (АМ) мөлшерін бағалауға арналған. Бұл зерттеудің өзектілігі егістік жерлердің ауыр металдармен ластануы олардың топырақта жиналуына байланысты ұзақ мерзімді экологиялық қауіп төндіретіндігіне негізделген. Агрохимиялық зерттеудің негізгі мақсаты – Алтынсарин ауылына іргелес орналасқан ауыл шаруашылығы жерлерінің топырағындағы басым ластаушы заттардың (Cd, Pb, As, Cr, Zn және Ni) мөлшері туралы сенімді мәліметтер алу болды. Зерттеу негізінен Солтүстік Қазақстанның далалық аймағына тән осы ауданның күңгірт қара қоңыр топырақтарына бағытталған. Ауыр металдардың (АМ) түсуінің ықтимал көздеріне антропогендік факторлар (жыртылатын қабатта АМ жиналуының негізгі көздерінің бірі болып табылатын тыңайтқыштарды жүйелі түрде қолдану) және табиғи-техногендік факторлар (кен шаңы мен қалдық қоймаларынан, атап айтқанда Краснооктябрь кенішінен 20-70 км қашықтыққа желмен тасымалданатын үгінді өнімдері) жатады. Фондық топырақ үлгілері Алтынсарин ауылының маңындағы аумақтан жиналды. Алынған нәтижелер экологиялық тәуекелдерді азайту және өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу үшін негіз бола алады.

