ГОЛШТЕИН ТҰҚЫМДЫ СИЫРЛАРДЫҢ СҮТІНДЕГІ СОМАТИКАЛЫҚ ЖАСУШАЛАР МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨСІП ӨНУ ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Авторлар

  • Нурпеисова Раушан Кадирбаевна «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Қанатов Бегали Канатович «Қазақ ғылымизерттеу ветеринария институты» ЖШС
  • Ниязбекова Жаннұр Нұрділдақызы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Усенбеков Есенгали Серикович «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/SEPT2631068

Кілт сөздер:

соматикалық жасушалар, SCC, сиыр сүті, субклиникалық мастит, ұдайы өндіру қабілеті, сервис-кезең, төлдеу аралығы

Аңдатпа

Бұл жұмыста голштеин тұқымды сиырлар сүтіндегі соматикалық жасушалар саны (SCC) зерттеліп, оның жануарлардың ұдайы өндіру қабілетімен байланысы бағаланды. Зерттеудің өзекті­лігі соматикалық жасушалар санының жоғарылауы желін саулығын, субклиникалық маститтің даму қаупін, сүт сапасының төмендеуін және сиырлардың репродуктивтік қызметінің бұзылуын сипат­тайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылуымен негізделеді. Зерттеу Алматы облысын­да орналасқан «Байсерке-Агро» ЖШС сүт кешенінде жүргізілді. Зерттеу материалы ретінде 515 голштин тұқымды сиырдың бақылау сауу деректері және төлдеу есебі журналы пайдаланылды. Сүттегі соматикалық жасушалар саны Fossomatic FC анализаторы арқылы анықталып, нәтижелер мың жасуша/мл бірлігімен көрсетілді. Жануарлар SCC деңгейіне және жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылып, соматикалық жасушалар санының жоғарылау жиілігі, оның жасқа байланысты өзгерісі және ұдайы өндіру көрсеткіштерімен байланысы талданды. Зерттеу нәтижелері бойынша жануарлардың 67,6%-ында SCC деңгейі 150 мың/мл-ден жоғары, ал сиырлардың 23,7%-ында бұл көрсеткіш 1000 мың/мл-ден жоғары болғаны анықталды. Жануарлардың жасы ұлғайған сайын SCC деңгейі жоғары сиырлардың үлесі артты; жас пен соматикалық жасушалар саны арасындағы корреляциялық байланыс r ≈ 0,42 құрады. Төлдеу есебі журналы бойынша 705 төлдеу аралығы есептеліп, оның орташа ұзақтығы 461,8 күнді, медианасы 419 күнді құрады. SCC деңгейінің жоғары болуы төлдеу аралығы мен сервис-кезеңнің ұзаруымен сипатталатын ұдайы өндіру көрсеткіш­терінің нашарлауымен байланысты болды. Таким образом, у исследуемых коров наблюдается тенденция увеличения цифрового значения индекса осеменения коров с увеличением количества соматических клеток в молоке, что является нежелательным явлением для молочных ферм. Алынған нәтижелер сүтті табында SCC көрсеткішін тұрақты бақылаудың қауіп тобындағы жануарларды ерте анықтау, маститтің алдын алу және ұдайы өндіру тиімділігін арттыру үшін практикалық маңызы жоғары екенін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Нурпеисова Раушан Кадирбаевна, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының магистрі, «Клиникалық пәндер» кафедрасының докторанты

  • Қанатов Бегали Канатович, «Қазақ ғылымизерттеу ветеринария институты» ЖШС

    ветеринария ғылымдарының кандидаты

  • Ниязбекова Жаннұр Нұрділдақызы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    PhD доктор, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы

  • Усенбеков Есенгали Серикович, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    биология ғылымдарының кандидаты, «Клиникалық пәндер» кафедрасының профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар