ЖАСТАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫ: МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖЕЛІЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2622042Кілт сөздер:
жастар, желілік қауымдастық, әлеуметтік желілер, визуальды мәдениет, тынығу мәдениеті, мәдени құндылықтар, бос уақытАңдатпа
Мақала еліміздегі жастардың желілік қауымдастықтарының көрнекі мәдениет пен құндылықтарға әсерін талдауға, интернет қауымдастықтарды мәдени шараларды тарату құралына айналдыра отырып, мәдени құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтауға арналған. Интернеттың жаһандануы және жастардың цифрлық онлайн-қауымдастықтарының қарқынды дамуы заманауи мәдени кеңістіктің өте маңызды құрамдас бөлігіне айналуда. Сонымен бірге, бұл рухани мәдениет саласындағы жастардың жаңа беталыстары мен қалауларын айқындайды. Ұсынылып отырған мақала зерттеушінің диссертациялық жұмысының мазмұнына сәйкес жастардың желілік қауымдастықтардағы бос уақыттарын түрлі мәдени шаралармен, мәдени жобалармен толықтыру, сол арқылы мәдени құндылықтарын, тынығу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтауға арналады. Онлайн-қауымдастықтарды эстетикалық қабылдауға әсер етуінің негізгі тетіктері қарастырылды. Бұл өнер, дизайн, сән мәселелері, соның ішінде, мәдени іс-шаралардың инновациялық түрлері белсенді талқыланатын әлеуметтік медиа платформалар, бейнехостингтер және мамандандырылған форумдардағы зерттеулердің арқасында мүмкін болды. Мақалада фотосуреттер, бейнеконтент, графика сияқты визуалды материалдардың жастар аудиториясының мәдени құндылықтары мен қалауларын қалыптастырудағы рөлін талқылауға да назар аударылды. Танымал трендтер мен мемдердің мәдени және құндылық бағдарларға әсері туралы зерттеулер жүргізілді. Мақалада мәдени құндылықтарды ілгерілетуге, жастардың тынығу мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оларды еліміздің мәдени өміріне тартуға бағытталған инновациялық мәдени-тынығу бағдарламаларын әзірлеу үшін онлайн жастар қауымдастығын пайдалану мүмкіндігі талданады.

