ТАБЫНДЫ ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ЖАБЕ ТИПТІ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМЫ ЖӘНЕ БУДАН ТӨЛДЕРІНІҢ ӨСІП-ЖЕТІЛУІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_2_85Кілт сөздер:
қазақтың жабе типті жылқысы, новоалтайлық-қазақ будандары, тірідей салмағы, дене бітім индекстері, құлындардың өсіп-жетілуіАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде жыл бойы жайылымдық әрі тебендік ұстау жағдайында қазақтың жабе типті (ҚЖ) және І-ұрпақ будандарының новоалтайлық-қазақ (НА х ҚЖ) төлдерінің өсіп-жетілу ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері баяндалған. Зерттеу нәтижелері бойынша (НА х ҚЖ) будан құлындары біршама үлкен болып туылатындығы анықталды. Сонымен, 3 күндік еркек құлындарының тірі салмағы орта есеппен 46,5 кг, ал ұрғашы құлындарда 44,7 кг құрады, бұл қазақтың жәбе типті құлындарымен салыстырғанда, еркек құлындары сәйкесінше 2,3 кг-ға, ал ұрғашы құлындары 1,3 кг-ға жоғары болды, бұл артықшылық зерттеудің барлық кезеңінде байқалды. Ұқсас тенденция жануарлар дене өлшемдерінің өзгеруімен де байқалады. Сонымен, 6 ай жасында, орта есеппен, (НА х ҚЖ) будан құлындары дене өлшемдердің артықшылығы келесідей құрады: биіктігі бойынша 1,9-1,1 см-ге; тұлғанын қиғаш ұзындығы бойынша 8,0-7,9 см-ге; кеуде орамы бойынша 4,8-4,3 см-ге және жіліншік орамы бойынша 2,2-2,1 см-ге.