ТҰЙЫҚ ӨНДІРІСТІК ЦИКЛ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МАЛ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСІНІҢ ЖАНУАРЛАР ӘЛ-АУҚАТЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

  • Елеусизова Анара Тулегеновна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Батырбеков Асылбек Нурлыбекович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Тыштыкбава Сания Бикмановна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Кауменов Нұрлан Сәрсенбайұлы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/SEPT2631059

Кілт сөздер:

тұйық цикл, ет сапасы, сою алдындағы күйзеліс, кортизол, DFD

Аңдатпа

Мақалада «өсіру – сою алдындағы ұстау – бастапқы өңдеу» тұйық технологиялық циклі шең­берінде ет шикізатының сапасын басқару мәселесі қарастырылады. Сою алдындағы күйзелісті бағалаудың қолданыстағы тәсілдері жануарлардың жеке бейімделуін жиі ескермейді, бұл ұша ақауларын болжаудың дәлдігін төмендетеді. Зерттеу барысында Қостанай облысы кәсіпорын­дарының негізінде автолиз процесіндегі бұлшықет тінінің союдан кейінгі рН деңгейімен салыстыра отырып, негізгі прижизнендік биомаркерлердің – кортизол, лактатдегидрогеназа (ЛДГ) және креа­тинфосфокиназаның (КФК) негізгі динамикасы зерттелді. Сою алдындағы (антемортемдік) күйзе­лістік жауаптың қарқындылығы мен сиыр етінің союдан кейінгі рН деңгейінің төмендеуінің блок­талуы арасындағы тікелей байланыс анықталды. Эксперименттік алаңды таңдау ет бағытындағы ірі қара малдың ашық ұстау жағдайындағы, оларды өндірістен шығару және кейіннен союға бағыттау кезіндегі адаптациялық ерекшеліктеріне кешенді мониторинг жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етті. Сыни тұрғыдан күйзеліске ұшыраған жануарларда (ІІІ топ) кортизолдың ең жоғары концентрациясы (180,70±3,59 нмоль/л) аясында союдан кейін 24 сағатқа қарай рН деңгейі аномальді жоғары 6,32±0,06 белгісінде тіркелетіні, бұл ұшалардың 24%-ында DFD ақауының дамуына әкелетіні экспериментал­ды түрде дәлелденді. Биохимиялық маркерлерді жедел мониторингтеу мен рН өлшеуді бірыңғай бақылау жүйесіне интеграциялау кәсіпорындарға технологиялық тәуекелдерді жедел анықтауға және экономикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік беретіні дәлелденді.

Автор өмірбаяндары

  • Елеусизова Анара Тулегеновна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD, ветеринариялық санитария кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Батырбеков Асылбек Нурлыбекович, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары

  • Тыштыкбава Сания Бикмановна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының магистрі, ветеринариялық санитария кафедрасының аға оқытушысы

  • Кауменов Нұрлан Сәрсенбайұлы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринариялық санитария кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар