XVIII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК САУДА РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2621256Кілт сөздер:
желілік сауда, Солтүстік Қазақстан, Ресей империясы, шекаралық бекіністер, қазақ-орыс қатынастары, экономикалық интеграция, ПетропавлАңдатпа
Мақалада XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Солтүстік Қазақстан өңіріндегі желілік сауданың дамуы және оның қазақ даласын Ресей империясының шаруашылық кеңістігіне енгізудегі рөлі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі шекаралық аумақтарды игерудің сауда-экономикалық тетіктерін және олардың өңірдегі ресейлік ықпалды нығайтудағы маңызын тереңірек зерделеу қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – желілік сауданың даму ерекшеліктерін анықтау және оның Солтүстік Қазақстанды шаруашылық игеру үдерісіндегі маңызын бағалау. Деректік негіз ретінде қазақ-орыс қатынастары тарихына қатысты құжаттар жинақтары, революцияға дейінгі зерттеушілердің еңбектері және Омбы облыстық мемлекеттік архивінің материалдары пайдаланылды. Зерттеудің әдіснамалық негізін тарихилық, объективтілік және жүйелілік қағидаттары, сондай-ақ тарихи-салыстырмалы, тарихи-генетикалық және проблемалық-хронологиялық әдістер құрады. Зерттеу нәтижесінде Орынбор, Троицк, Петропавл және Пресногорьков бекіністері шекаралық сауданың негізгі орталықтары болғаны анықталды. Желілік сауданың Ресей империясы мен қазақ халқы арасындағы шаруашылық байланыстарды кеңейтуге, тауар айналымының өсуіне, жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуына және материалдық мәдениет элементтерінің таралуына ықпал еткені көрсетілді. Сонымен қатар империялық әкімшілік жүргізген сауда саясаты тауар ағындарын, кедендік түсімдерді және сауда қатысушыларының қызметін бақылауға мүмкіндік берді. Қорытындысында желілік сауда тек экономикалық байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар Солтүстік Қазақстанды Ресей империясының саяси және шаруашылық кеңістігіне кіріктірудің маңызды тетігі болғаны анықталды.

