ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ МЕДИАҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Абдиркенова Акбидаш Капановна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0002-2697-8950

DOI:

https://doi.org/10.52269/SEPT2632005

Кілт сөздер:

медиақұзіреттілік, медиабілім, медиасауаттылық, медиамәдениет, ақпараттық қоғам, сыни ойлау, жоғары білім

Аңдатпа

Мақалада жоғары білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың медиақұзіреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі ақпараттық қоғамның қарқынды дамуымен және медианың білім алушылардың әлеуметтенуіне, тұлғалық және кәсіби дамуына, ақпаратты қабылдау, талдау, бағалау және тиімді пайдалану үдерістеріне ықпалының артуымен байланысты. Қазіргі педагог-психолог ақпараттық ортада кәсіби міндеттерді тиімді орындау үшін медианы саналы түрде қолдану, ақпараттың мазмұны мен сапасын сыни бағалау, қажетті ақпаратты іздеу және оны кәсіби қызметке бейімдеу дағдыларына ие болуы тиіс. Зерттеудің мақсаты болашақ педагог-психологтардың медиабілімі негізінде медиақұзіреттілігін қалыптастырудың тиімді моделін әзірлеу, оны оқу үдерісіне енгізу және тәжірибелік тұрғыдан тексеру. Зерттеу барысында «медиа», «медиабілім», «медиасауаттылық», «медиамәдениет», «сыни ойлау» және «медиақұзіреттілік» ұғымдарының мазмұны теориялық тұрғыдан сараланып, медиақұзіреттіліктің мотивациялық, теориялық және практикалық компоненттері айқындалды. Зерттеу әдістері ретінде ғылыми әдебиеттерді талдау, сауалнама, әңгімелесу, оқу бағдарламаларын сараптау, студенттердің жұмыстарын бағалау, анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент, математикалық-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Эксперимент нәтижесінде ұсынылған модель мен арнайы оқу курсының тиімділігі дәлелденді. Эксперименттік топта медиақұзіреттілікті қалыптастыруға деген мотивация 87%-дан 100%-ға дейін артты, теориялық дайындықтың жоғары деңгейі 17,5%-ға, практикалық дайындықтың жоғары деңгейі 9,8%-ға өсті. Зерттеу нәтижелері медиабілімді жүйелі ұйымдастыру болашақ педагог-психологтардың медиамен жұмыс істеу, ақпаратты сыни бағалау және кәсіби қызметте тиімді пайдалану құзыреттерін дамытуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Автор өмірбаяны

  • Абдиркенова Акбидаш Капановна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    PhD, қауымдастырылған профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар