КӨНЕ ТҮРІК (ТҮРКІ) ТІЛІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖУАН-ЖІҢІШКЕ ГРАФЕМАЛАРЫН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

  • Сәдібеков Асқат Кеңесұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-6567-436X
  • Дүйсембекова Зерде Мұратбекқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0003-1790-6442
  • Садыкова Айгүл Дөненбайқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-7373-0333
  • Абиден Аксункар Нуридинкызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті https://orcid.org/0009-0003-6268-396X

DOI:

https://doi.org/10.52269/SEPT2632208

Кілт сөздер:

көне түрік тілі, графема, дауыссыз дыбыстар, Орхон жазулары, интербелсенді әдістер, жуан және жіңішке фонемалар

Аңдатпа

Мақалада көне түрік (түркі) тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке графемаларын жоғары оқу орындарында оқытудың әдістемелік жүйесі қарастырылады. Көне түрік жазба ескерткіштерінің графикалық жүйесі түрік тілдерінің тарихи фонетикасын, жазу дәстүрін және сингармонизм заңдылықтарын түсінуде маңызды дереккөз болып табылады. Алайда жоғары оқу орындарында көне түрік тілін оқыту барысында студенттердің графемалық жүйені, әсіресе дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке нұсқаларының берілу ерекшеліктерін меңгеруде қиындықтарға тап болатыны байқалады. Осыған байланысты көне түрік графикасын тиімді меңгертудің ғылыми негізделген әдістемелік тәсілдерін айқындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты – көне түрік (түркі) тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке графемаларын жоғары оқу орындарында оқытудың интербелсенді және заманауи тәсілдерге негізделген тиімді әдістемелік жүйесін ұсыну. Зерттеу барысында көне түрік жазба ескерткіштеріндегі дауыссыз графемалардың фонетикалық және графикалық ерекшеліктері талданып, олардың жуан және жіңішке қатарларының қолданылу заңдылықтары сараланады. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында көне түрік тілін оқыту тәжірибесі қарастырылып, білім алушылардың графемалық жүйені меңгеру деңгейі талданады.Мақалада интербелсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы көне түрік графикасын меңгертудің тиімді жолдары ұсынылады. Атап айтқанда, салыстырмалы талдау, визуалды модельдер, графикалық сызбалар және тәжірибелік тапсырмалар жүйесі негізінде оқыту тәсілдері жүйеленеді. Ұсынылған әдістемелік жүйе студенттердің көне түрік жазуындағы орфографиялық ережені түсінуін жеңілдетіп, тарихи фонетика мен графемалық құрылымды терең меңгеруіне мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Сәдібеков Асқат Кеңесұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Өнер, медиа және дизайн факультеті, Журналистика кафедрасы

  • Дүйсембекова Зерде Мұратбекқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    PhD, қауымдастырылған профессор м.а., филология факультеті

  • Садыкова Айгүл Дөненбайқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    Ғылыми басылымдар бөлімінің басшысы

  • Абиден Аксункар Нуридинкызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторант, 8D02305 – «Әдебиеттану» БББ

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар