МЫС-АЛТЫН КЕНДЕРІ ҮЙІНДІЛЕРІНДЕГІ ӨСІМДІКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ БИОЖИНАҚТАЛУЫ: ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ

Авторлар

  • Нугманов Алмабек Батыржанович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-7060-3996
  • Божекенова Женискуль Турсынбаевна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ https://orcid.org/0000-0002-7060-3996
  • Ысқақ Алия «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-8313-8982
  • Суюндикова Жанар Тулеутаевна «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ https://orcid.org/0009-0007-9526-8761

DOI:

https://doi.org/10.52269/SEPT2631161

Кілт сөздер:

фиторемедиация, техногендік субстраттар, табиғи өсімдіктерді қалпына келтіру

Аңдатпа

Мыс-алтын кен орындарының қалдық үйінділері мен қоймаларында өсімдік жамылғысының қалыптасу заңдылықтары мен элементтердің биожинақталу үдерістері жайлы соңғы жылдардағы ғылыми деректерді осы шолу мақаласында жүйелендірдік. Талдауға 2000-2025 жылдар аралығында Scopus, Web of Science, ScienceDirect, Google Scholar дерекқорларынан алынған жарияланымдар енгізілді; негізгі талап – мақаланың рецензиядан өтуі, сандық биоаккумуляция көрсеткіштерінің болуы және фиторемедиация тиімділігін бағалаудың ұсынылуы. Жинақталған деректер техногенді субстраттарда өсімдіктің дамуын шектейтін негізгі себептердің қатарында ауыр металдардың жоғары шоғырлануы, органикалық заттар мен қоректік элементтердің тапшылығы, рН-тың экстремалды мәндері тұрғанын көрсетті. Табиғи ортада басым үдерісі – фитостабилизация болып табылады. Әдетте металдар өсімдіктің тамыр жүйесінде қалып, жерүсті мүшелеріне өте аз мөлшерде ауысады. Өсімдіктердің бірнеше түрлері – Gliricidia sepium, Dodonaea viscosa, Sorghum bicolor – жоғары биоаккумуляциялық қабілетімен ерекшеленеді. Ал биокөмір, органикалық қоспалар және PGPR бактерияларын (Plant Growth-Promoting Rhizobacteria) қолданатын көмекші фиторемедиация тәсілі металдың қозғалғыштығын төмендетіп, субстраттың қасиетін жақсартады, соның нәтижесінде рекультивация тиімділігі елеулі түрде артады. Қазақстандық зерттеулер бойынша Sorghum bicolor құрғақ континенттік климатта Pb, Cd, Co жинақтауға қабілетті перспективалы дақыл ретінде танылды. Осыған орай, келешекте биожинақталудың молекулалық механизмдерін терең зерттеп, аймақтық ерекшеліктерге сай мелиорациялық технологиялар жасау қажет болады. Қорытындылай келе, табиғи сукцессия үдерісі мен басқарылатын биотехнологиялық шараларды үйлестіру бұзылған жерлерді қалпына келтірудің ең ұтымды жолы екені айқындалды.

Автор өмірбаяндары

  • Нугманов Алмабек Батыржанович, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы

  • Божекенова Женискуль Турсынбаевна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ

    «8D05101-Биология» БББ докторанты

  • Ысқақ Алия, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, инновациялық технологиялар ғылыми-зерттеу институтының директоры

  • Суюндикова Жанар Тулеутаевна , «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

    биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары