The ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_2_39Кілт сөздер:
тамшылатып суғару, жүйектеп суғару, болжау əдісі, факторлық тəсіл, жалпы су пайдалану жиынтығыАңдатпа
Аннотация. Мақалада Жамбыл облысының жұқа қабатты сұр топырақтарында жас қарқынды алма бағын тамшылатып суғару технологиясын жасауда алма ағаштарын әртүрлі тәсілдермен суғару кезінде алынған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері нұсқаларды салыстыру арқылы тиімділік көрсеткіштері келтірілген. Вегетация кезінде жас қарқынды алма бағының келесідей көрсеткіштері анықталды: алма ағаштарының жалпы су пайдалануы, алма ағаштарының тәуліктік орташа су пайдалануы және жүйектеп суғару тәсілімен салыстырғандағы тамшылатып суғару тәсілінің тиімділік көрсеткіштері. Қазіргі таңда жер игеруде шөлейтті жерлерді пайдалану ең күрделі мәселенің бірі болып табылады. Қазақстан жеткіліксіз суландырылған аймаққа жатады. Сондықтан, табиғи жағдайларға қарамастан дақылдардан жоғары өнім алу үшін, суғарылатын аймақтарды ұлғайтуға көңіл бөліп, оларды дұрыс игеретін оңтайлы технологиялар қарастытыру қажеттілігі туындап отыр. Тиімді суғару тәсілін таңдау, болашақта мол өнім алу мүмкіндік береді. Мақалада екі суғары нұсқасы бойынша кеткен су көлемі есебіне қарай бағалық тұрғыдағы тиімділігін және есептелген көрсеткіштердің өзгеру мүмкіндігін математикалық модельдеу арқылы болжамдау көрсетілген. Сондай-ақ көрсеткіштерді салыстыра келе екі болжам нәтижесі бірдей және болжам дәлдігі анық көрінуде. Нәтижесінде тамшылатып суғару жүйесін ұтымды пайдалану арқылы 1 гектарға кететін су ақысына кететін шығындарды жылдан жылға үнемдеу мүмкіншілігі жоғары екенін көруге болады.