СТУДЕНТТЕРДІҢ МЕДИА ТҰТЫНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЭКСТРЕМИСТІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРАЛУ ҚАУПІ

Авторлар

  • Надежда Сиврикова South Ural State Humanitarian and Pedagogical University, 69 Lenin avenue, Chelyabinsk, Russia
  • Федор Иванов Южно-Уральский государственный гуманитарно-педагогический университет

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_2_95

Кілт сөздер:

əлеуметтік желілер, экстремизм, медиа тұтыну, ақпаратты сыни қабылдау, жастардың радикалдануы

Аңдатпа

Мақала жастар арасында экстремистік идеяларды əлеуметтік желілер арқылы таратудың өзекті мəселесін ашып көрсетеді. Жұмыстың мақсаты студенттердің медиа тұтыну ерекшеліктерінің экстремистік идеялардың кездесуін бағалаумен байланысын зерттеу болды.
Жастардың онлайн-радикалдануын зерделеуде əдіснамалық базасын зерттеу үшін пəнаралық тəсіл қолданылды. Эмпирикалық мəліметтерді жинау үшін Ресейдің мемлекеттік университеттерінің 1-5 курс аралығында 1950 студенттер қатысқан онлайн-сауалнама қолданылды. Əлеуметтік желілерді пайдалану мəселесінен басқа барлық сұрақтар Р.Лайкерт шкаласы негізінде құрылды.
Зерттеу нəтижелерін математикалық өңдеу үшін: факторлық жəне корреляциялық талдаулар, сондай-ақ Сомерс d-критерийі қолданылды. Бұған қоса, кейбір қауымдастықтарға қатысу радикалдану қаупін азайтады, ал басқаларында оны арттырады. Зерттеу барысында əлеуметтік медиа радикалды идеяларды таратудың факторы екендігі анықталды. Экстремистік идеялардың таралу деңгейіне алынған ақпаратқа деген сыни көзқарас жəне əртүрлі ақпарат көздеріне сенім деңгейі де əсер етеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – əртүрлі əлеуметтік желілерді пайдалану фактісі радикалды идеялармен соқтығысу жəне заңсыз əрекеттерге шақыру қаупімен қалай байланысты екендігі туралы жаңа мəліметтер алу. Алынған деректер көптеген мамандар үшін
қызығушылық тудырады: мұғалімдер, психологтар, əлеуметтанушылар жəне т.б. Олар оны профилактикалық жəне түзету бағдарламаларын жасау кезінде қолдана алады.
Түйінді сөздер: əлеуметтік желілер, экстремизм, медиа тұтыну, ақпаратты сыни қабылдау, жастардың радикалдануы.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-07-01

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар