ҚҰС САҢҒЫРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТЫҢ ӘРТҮРЛІ ДОЗАЛАРЫНЫҢ ФИТОУЫТТЫЛЫҒЫ МЕН ӨСУДІ ЫНТАЛАНДЫРУ ҚАСИЕТТЕРІН ТЕСТ-ДАҚЫЛДАРҒА ҚАТЫСТЫ БАҒАЛАУ
ҚҰС САҢҒЫРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТЫҢ ӘРТҮРЛІ ДОЗАЛАРЫНЫҢ ФИТОУЫТТЫЛЫҒЫ МЕН ӨСУДІ ЫНТАЛАНДЫРУ ҚАСИЕТТЕРІН ТЕСТ-ДАҚЫЛДАРҒА ҚАТЫСТЫ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_113Кілт сөздер:
құс саңғырығы, органикалық тыңайтқыш, фитоуыттылық, өсімді ынталандыру, майлы зығыр, арпа, тест-дақылАңдатпа
Бүгінгі таңда құс саңғырығын өңдеу және қордалау талаптарына көп көңіл бөлінеді. Сондықтан органикалық тыңайтқыштың фитоуыттылығын сынақ дақылдары арқылы бағалау құс қалдықтарының ауыл шаруашылығында қолдануға жарамдылығын тексеру үшін өте маңызды. Тұқым өнгіштігін, өскіндер мен тамыршалардың ұзындығын биологиялық талдау арқылы органикалық тыңайтқыштың фитоуыттылық пен өсуді ынталандыру қасиеттеріне бағалау жүргізілді. Құс саңғырығы негізінде жасалған органикалық тыңайтқыш сумен араластырылып, 0,1%; 1,0%; 2,5%; 5,0%;7.5%; 10,0% концентрациядағы сүзінділер алынды. Органикалық тыңайтқыштың сулы сүзіндісімен зығыр мен арпа тұқымдарынөңдеу өскіндердің өсуіне оң әсер ететіні анықталды. Арпа тұқымының өнгіштігі жоғары концентрацияларда жақсы нәтиже көрсетті. Органикалық тыңайтқыштың сүзінділері арпа тамыршасының ұзындығын орташа есеппен 20,5%-ға, ал өскіндердікін 15,8% - ға ұлғайтты. Майлы зығыр тұқымын сүзінділермен өңдеу тамыршаларының ұзындығының өсуіне айтарлықтай оң әсер етті.Тәжірибелік нұсқадағы тамыршалардың ұзындығы бақылаумен салыстырғанда орташа есеппен 51,3%-ға дейін артты. Алайда майлы зығыр өскіндерінің өсуіне органикалық тыңайтқыш сүзінділеріне реакциясы төмен мәндерді көрсетті. Құс саңғырығынан жасалған органикалық тыңайтқыш сүзінділерінің жоғары концентрациялары майлы зығыр өскіндеріне қатысты әлсіз фитоуыттылық әсері байқалды және өскіндердің өсу ұзындығы бақылаумен салыстырғанда 16%-ға дейін төмендеді.