ТОПЫРАҚТЫҢ БЕТКІ ҚАБАТЫН ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН БЕЛСЕНДІ ЖЕТЕГІ ЖӘНЕ БОЙЛЫҚ АЙНАЛУ ОСІ БАР САҚИНАЛЫ ЖҰМЫСШЫ БӨЛІКТІҢ ҚОЗҒАЛУ ТРАЕКТОРИЯСЫ

ТОПЫРАҚТЫҢ БЕТКІ ҚАБАТЫН ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН БЕЛСЕНДІ ЖЕТЕГІ ЖӘНЕ БОЙЛЫҚ АЙНАЛУ ОСІ БАР САҚИНАЛЫ ЖҰМЫСШЫ БӨЛІКТІҢ ҚОЗҒАЛУ ТРАЕКТОРИЯСЫ

Авторлар

  • Максат Максат КРУ им.А.Байтурсынова
  • Гаяз Гайфуллин
  • Тұрсынай Төлеміс КРУ им.А.Байтурсынова
  • Руслан Кравченко КРУ им.А.Байтурсынова

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_62

Кілт сөздер:

айналмалы жұмысшы бөлік, белсенді жетек, , бойлық айналу осі, кинематикалық коэффициент, көлбеу бұрышы, өңдеу бұрышы, қозғалыс траекториясы

Аңдатпа

Айналмалы топырақ өңдеу машиналары қазіргі егін шаруашылығында кеңінен қолданылады. Олардың энергетикалық және сапалық көрсеткіштері жұмысшы бөліктердің траекториясымен анықталады. Мақалада белсенді жетекпен жұмыс істейтін бойлық айналу осі бар айналмалы типтегі сақиналы жұмысшы бөлікті зерттеу нәтижелері келтірілген. Теориялық зерттеулер айналмалы жұмысшы бөліктің кинематикасының негізгі ережелерін қолдана отырып жүргізілді. Эксперименттік зерттеулер топырақ каналындағы зертханалық қондырғыда жүргізілді. α өңдеу бұрышы 90°, кинематикалық коэффициент (айналу жылдамдығының ілгерілемелі жылдамдыққа қатынасы) 0,8-ден 2,2-ге дейін, β көлбеу бұрышы 0°-тан 50°-қа дейін өзгерді.

Зерттеу нәтижелері бойынша кинематикалық коэффициентке байланысты λ және вертикальдан β көлбеу бұрышына байланысты координаталық жазықтықта 1 айналымдағы сақиналы жұмысшы бөліктің жүзі М нүктесі траекториясының проекциясы алынды. λ кинематикалық коэффициентіне және β көлбеу бұрышына байланысты зерттелетін жұмысшы бөліктің жүзі нүктесінің топырақта болу кезеңінде Ve ілгерілемелі қозғалысының бағыты мен траектория сызығы (жанама) арасындағы γ бұрышының шамасын анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық өрнек алынды. Кинематикалық коэффициент λ және вертикальдан β көлбеу бұрышына байланысты γ бұрышының өзгеру заңдылықтары анықталды.Теориялық жолмен алынған нәтижелер эксперименттік зерттеулердің нәтижелерімен расталады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-11-19

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары