ЦЕОЛИТТІ ҚОСЫНДЫНЫҢ CАУЫН СИЫРДЫҢ МЕСҚАРЫН МЕТОБАЛИЗМІ МЕН АЗЫҚ КОНВЕРСИЯСЫНА ӘСЕРІ
ЦЕОЛИТТІ ҚОСЫНДЫНЫҢ CАУЫН СИЫРДЫҢ МЕСҚАРЫН МЕТОБАЛИЗМІ МЕН АЗЫҚ КОНВЕРСИЯСЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_126Кілт сөздер:
азық, рацион, месқарын, цеолит, қосынды, конверсияАңдатпа
Тәжірибе тобындағы сауын сиырлар азықтандыру рационына 28-29% цеолит, 1,5-2% хлорелла ұнтағы, 75-76% күнжарадан құралған қосынды, бақылаутобындағы сиырлармен салыстырғанда, месқарын химусының қышқылдығын рН = 6,14-тен рН = 6,17-ке төмендетіп, ондағы микрофлораның дамуына жағдай жасады. Соның нәтижесінде молайған тәжірибе тобындағы сиырларының ұшпалы май қышқылдарының көлемінде сүт түзуіне жұмсалатын ацетаттардың көлемі 6,12±0,6-дан 6,91±0,25, яғни 0,8 мМоль/100 мл дейін өскен. Цеолитті қосындының месқарын метаболизмін күшейтуі, химус микрофаунасын дамытып, инфузориялар санын 41,1 мың/мл көбейткен. Бұдан микробиалдық ақуыз түзуі 87,5%-дан 94,8%-ға арттып, химустыңамилолитикалық және целлюлозолитикалық пәрменділігі, тиісінше, 2,8 мг/крахмалжәне 2,8% артты. Цеолитті қосындының сауын сиырлар месқарынметаболизімін өрістетуінің арқасында тәжірибе тобы сиырларының рационқұрғақ затын жеуі 19,02-ден 19,50 кг/бас-ға дейін жоғарылап, бақылау тобы сиырларымен салыстырғанда орташа тәуліктік сүт сауымы 13,06-дан 14,20 кг-ға молайып, сауылған сүт сапасы жақсарды. Соның нәтижесінде олардың желінген азық қоректік заттарын конверсиялау дәрежесі 0,68-ден 0,72-ге көтерілді. Сауын сиыр азықтандыру рационына қосылған цеолитті-хлореллалы қосынды рацион минеральдық-дәрумендік қоректілігін арттырып, месқарын метаболизмі мен желінген азық қоректік заттарының конверсиясын жоғарылатты.