ТҮЙІРШІКТЕЛГЕН АЗЫҚ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН ӨЛШЕМДІ САБАН ӨҢДЕУ ЖЕЛІСІН ӘЗІРЛЕУ

ТҮЙІРШІКТЕЛГЕН АЗЫҚ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН ӨЛШЕМДІ САБАН ӨҢДЕУ ЖЕЛІСІН ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

  • Евгений Золотухин Некоммерческое акционерное общество «Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова»
  • Максат Амантаев
  • Айдос Газизов
  • Александр Борзенков

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_71

Кілт сөздер:

сабан, түйіршіктеу, ұсақтау, шағын өлшемді желі, сабан өңдеу, түйіршіктелген жем

Аңдатпа

Жануарларға арналған дөрекі жемшөп азығы ретінде сабан бірқатар оң қасиеттеріне байланысты Қазақстан Республикасының мал азығы өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Бұл ретте сабаннан энергетикалық көрсеткіштері жоғары мал азығын алу оны арнайы өңдеу арқылы мүмкін болады. Осыған байланысты ұсақталған сабанды түйіршіктеу жемді өңдеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Ол үшін мал бордақылау цехтарына арналған құрал-жабдықтардың жинақтары кеңінен қолданылады. Алайда, бұл жабдықтар негізінен ірі өңдеу желілерінде қолданылады. Түрлі шетелдік кәсіпорындар шығаратын құрал-жабдықтар қымбат. Шағын және орта шаруашылықтар үшін қымбат құрал-жабдықтар іс жүзінде қол жетімсіз және тиімсіз.

Жұмыстың мақсаты – сабанды өңдеу және түйіршіктеу арқылы дөрекі жемшөп азығы ретінде пайдалану тиімділігін арттыру. Осы мақсатта құрылымдық-технологиялық сызба әзірленіп, түйіршіктелген азық дайындауға арналған жаңа шағын өлшемді сабан өңдеу желісі жасалды. Ол ең алдымен шағын және орта шаруашылықтарға арналған. Мақалада ұсынылатын азық дайындау желісін зерттеу сынақтарының алдын ала нәтижелері берілген. Малды азықтандыруға қойылатын зоотехникалық талаптарға сәйкес келетін 1,5-20 мм-ге дейін ұнтақтау фракциялары алынатыны анықталды. Бұл ретте, түйіршіктеуден кейін сабан азығы бастапқы шикізаттан 8,0 есе жоғары тығыздыққа ие болады. Бұл қоректік заттардың сақталуына және сіңімділігіне, жемді қабылдауға, сондай-ақ консервациялауға, тасымалдауға және рационалды бөлуге оң әсер етеді.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-11-19

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары