АҚТӨБЕ ОБЛАСЫ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН) ҚАРҒАЛЫ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ТАБАН БАЛЫҒЫНЫҢ (ABRAMIS BRAMA LINNAEUS, 1758) ЭРГАЗИЛЁЗЫ

АҚТӨБЕ ОБЛАСЫ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН) ҚАРҒАЛЫ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ТАБАН БАЛЫҒЫНЫҢ (ABRAMIS BRAMA LINNAEUS, 1758) ЭРГАЗИЛЁЗЫ

Авторлар

  • Надежда Антипова ТОО "Научно-производственный центр рыбного хозяйства"

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_13

Кілт сөздер:

табан, Abramis brama, , копеподтар,, эргазилёз, Ergasilus siebold, экстенсивті инвазия (ЭИ), Қарғалы су қоймасы

Аңдатпа

Мақалада Қарғалы су қоймасындағы табан балығының жаппай қырылуына əкеліп соққан паразиттік копеподтардың түрлік құрамын анықтау бойынша (Abramis brama L., 1758) зерттеу нəтижелері көрсетілген. Эктопаразиттердің морфометриялық көрсеткіштерінің толық сипаттамасы
фотоматериалдарменде көрсетілген. Фуркальды бұтақтардың ерекшелігімен, II антеннаның, бес
жұп жүзу аяқтары ескерілді, ерекшеліктерін ескере отырып бұл Ergasilus sieboldi Nordmann,1832
болып анықталды. Зерттеу барысында эргазилез инвазиясының экстенсивтілігі мен интенсивті
қарқындылығы зерттелді, сонымен қатар жұқтырған балық ауруының патологиялық өзгерістері
мен патогенезі сипатталды.
Сонымен қатар, мақалада зерттелетін су қоймасының гидрологиялық, физика-географиялық, гидрохимиялық жəне гидробиологиялық сипаттамалары қарастырылған. Мақала беттерінде
Қарғалы су қоймасының соңғы 4 жылдағы кəсіпшілік ихтиофаунасының сандық жəне түрлік
құрамымен танысуға болады. 2017 жылдан бастап ғылыми аулаудың мұрағаттық деректерін
талдау кезінде су қоймасының балық аулаудың ихтиоценозында табан балығының айқын басымдылығы байқалған, осыған байланысты жаппай жойылу кезінде табан балығы жиі анықталды.
Автор тоғанда пайда болған биотикалық жəне абиотикалық факторларды ескере отырып, табан
балықтарының жаппай қырылуының ықтимал себептері мен ықтимал болжамын қарастырды.
Мақала соңында Қарғалы су қоймасы балықтарының эпизоотиясын төмендету жəне эргазилезінің
алдын алу үшін профилактикалық іс-шаралар кешені əзірленді.
Зерттеуді Қазақстан Республикасының экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі қаржыландырды (Грант BR10264205)

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-11-19

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар