AL-KARAL АЗЫҚ ҚОСПАСЫНАЗЫҚТАНДЫРУ РАЦИОНЫНА ЕНГІЗУ КЕЗІНДЕ АБЕРДИН-АНГУСС ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРДЫҢ ӨСІМІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

AL-KARAL АЗЫҚ ҚОСПАСЫНАЗЫҚТАНДЫРУ РАЦИОНЫНА ЕНГІЗУ КЕЗІНДЕ АБЕРДИН-АНГУСС ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРДЫҢ ӨСІМІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Индира Айтжанова КРУ им. А. Байтурсынова
  • Гаухар Мукашева КРУ им. А. Байтурсынова
  • Доскали Найманов

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_87

Кілт сөздер:

Абердин ангус, етті тұқым, азықтандыру, тірілей салмақ, бұқашықтар

Аңдатпа

Мақалада көрсетілген барлық зерттеулер Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан, "Нұр-Жайлау НС" ЖШС шарттарында 2021 жылы туған бұқашықтарына жүргізілген. Бірдей күтіп-бағу шарттары негізінде, бірдей жастағы бұқашықтардың (Σn=20) азықтандыру рационына қосымша азықты енгізу арқылы тәжірибе қойылды. Тәжірибелік топқа отандық AL KARAL азық қоспасының (премикс) 100 кг бұқашықтардың 0,13 мг қосып берілді. Зерттеу жүргізу барысында енесінен бөлгеннен бастап 12 айлық жасқа дейін бақылау және тәжірибелік топ бұқашықтарының тірілей салмағы, абсолютті және орташа тәуліктік өсімдері есепке алынып, барлық мәліметтер биометриялық статистикалық өңдеуден өткізілді. 

Зерттеу жүргізу нәтижесінде тәжірибелік топ бұқашықтарының көрсеткіштері барлық белгілер бойынша бақылау тобы бұқашықтарына қарағанда жоғары болды: тірілей салмақ көрсеткіштері бойынша 9 айлық жастарында тәжірибелік топта бақылау тобына қарағанда 4,4 кг немесе 1,9 %, ал 12 айлық жаста, сәйкесінше, 6,9 кг немесе 2,4 % артты; абсолюттік өсім бойынша, сәйкесінше 6-9 жас аралығында 3,7 кг немесе 7,4 % артық, 9-12 айлық жас аралығында 2,5 кг немесе 2,9 %, ал туғаннан бастап 12 айлық жас аралығындағы мерзімде 6,4 кг немесе 2,2 % өсті.

   

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-01-09

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары