ЯРМОЛЕНКО ҚАЙЫҢЫ ЖАПЫРАҚ ПЛАСТИНАЛАРЫНЫҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ
ЯРМОЛЕНКО ҚАЙЫҢЫ ЖАПЫРАҚ ПЛАСТИНАЛАРЫНЫҢ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_149Кілт сөздер:
таксация, қайың, көрсеткіштер, диаметр, жапырақ, бақылау алаңы, ұзындық, критерий, вариация, коэффициентАңдатпа
Ормандар климаттың қалыптасуына, жекелеген географиялық аймақтар мен аудандарға айтарлықтай әсер етеді, жер бетіндегі және атмосферадағы күн энергиясының тепе-теңдігін, атмосфералық жылу мен ылғалдың айналымын, көлдер мен өзендердегі су режимін реттейді. Ормандардың маңызды функцияларының бірі - ол экономиканың көптеген салалары үшін құнды шикізат болып табылады. Алайда ормандардың пайдалылығы ағаш өнімдерімен ғана шектелмейді. Ормандар топырақты эрозиядан қорғайды, санитарлық-гигиеналық және рекреациялық мәні бар сондайақ экологияны жақсартатын қабілеттілігі бар. Орман алқаптары қаншама жабайы аң-құсқа пана жәнеде көтеген өсімдіктердің өсіп өнуіне оң әсер береді.
Қазіргі уақытта орман шаруашылығына ормандарды өрттен, зиянкестер мен аурулардан қорғауды жүзеге асыру жүктелген, орманды қалпына келтіру, биоалуантүрлілікті сақтау, орман пайдалануды бақылау, яғни ормандардың өмір сүруіне байланысты барлық шаралар кешені болып табылады. Орман алқаптарын ұтымды игеру, оларды молықтыру, өрттер мен зиянкестерден қорғау – орман өсірушілерге үнемі жүктелетін негізгі міндет болып саналады.
Аталған мақалада негізгізінен «Нарынқол орман шаруашылығы» КММ аумағында өсетін Ярмоленко қайыңдары жапырақ пластиналарының морфометриялық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Орман алқаптарында бақылау алаңшалары салынып, ағаштарға жаппай санақ жұмыстары жүргізілген. Санақ барысында таксациялық көрсеткіштер анықталған. Зерттеу материалы ретінде қайың жапырақтарын жинау үшін модельдік ағаштар таңдалынып алынған және жапырақтың морфоометриялық көрсеткіштері анықталып, нәтижелер кестелер мен диаграммалар түрінде берілген.