БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КƏСІБИ МАҢЫЗДЫ ҚАСИЕТІ РЕТІНДЕ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КƏСІБИ МАҢЫЗДЫ ҚАСИЕТІ РЕТІНДЕ БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_173Кілт сөздер:
бəсекеге қабілеттілік, педагог-психолог, мамандық, студент, жұмысқа қабілеттілік, өзін-өзі дамытуАңдатпа
Мақалада бəсекеге қабілеттілікті педагог-психологтардың кəсіби маңызды қасиеті ретінде амытуға қатысты бірқатар өзекті мəселелер қамтылған. Болашақта педагог-психолог болатын студенттердің тұлға ретіндегі бəсекеге қабілеттілігінің деңгейі мен базалық сипаттамаларын анықтау мақсатында эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеу жүргізілетін нысан ретінде «Педагогика жəне психология» білім беру бағдарламасының – Бакалавриаттың бірінші жəне төртінші курстарының студенттері қатысты.
Зерттеудің құрылымдық компоненттері тиісті ғылыми мəселелер бойынша психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді теориялық талдау, қажетті психодиагностикалық əдістерді таңдау, алынған мəліметтерді талдау жəне жалпылау болып табылады.
Зерттеу болашақ психологтардың тұлға ретіндегі бəсекеге қабілеттілігінің деңгейі мен негізгі сипаттамаларының даму динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Тұлға ретіндегі бəсекеге қабілеттіліктің студенттің бойында бар деңгейін анықтаумен қатар, біз зерттеуге қатысты-
рылғандардың жұмысқа қабілеттілігін, еңбекқорлық деңгейін, өзін-өзі дамыту жəне өзін-өзі тəрбиелеу қабілетін көрсететін сипаттамалардың дəрежесіне талдау жасадық. Зерттеуді қорытындылай отырып біз оқуды бітіруші курс студенттерінің бірінші курс сту-
денттерімен салыстырғанда тұлға ретінде бəсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейіне көтерілгенін анықтадық. Сондай-ақ оқуды бітіруші курс студенттерінің өзін-өзі дамыту жəне өзін-өзі тəрбиелеу қабілетінің жоғары екендігі байқалды, олар еңбекқорлық пен жұмысқа қабілеттіліктің белгілерін біршама анық аңғарта білді.