АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ ИНСЕКТИЦИДТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОП ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ ИНСЕКТИЦИДТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Айжан Сураганова Sh . Ualikhanov Kokshetau University
  • Сураганов Мирас Нұрбайұлы Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Мемешов Сансызбай Койшыбайұлы Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Айтбаев Теміржан Ерқасұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_186

Кілт сөздер:

картоп;, метеорологиялық көрсеткіштер;, инсектицидтер;, колорадо қоңызы;, биологиялық тиімділігі;, шаруашылық тиімділігі;, өнімділік

Аңдатпа

Мақалада картоптың өнімділігіне инсектицидтердің әсері келтірілген, Колорадо қоңызына қарсы инсектицидтердің биологиялық тиімділігі және картоптағы инсектицидтердің шаруашылық тиімділігі анықталған.

Инсектицидтердің ғылыми-зерттеу сынақтары Ақмола облысы, "Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы" ЖШС тәжірибе алаңына орналастырылды. Зерттеулер картоп дақылына, Шағалалы сортына жүргізілді, ол Ақмола облысында 2008 жылдан бастап пайдалануға рұқсат етілді.

Инсектицидтердің биологиялық тиімділігі бойынша бірінші бүрку кезінде, яғни Колорадо қоңызының дернәсілдің өлімі, ең жоғары көрсеткіш ЮКАЗ-7 инсектицидімен тәжірибе нұсқасында байқалды, 96 % құрады. Брейк (0,05 л/га) эталонының биологиялық тиімділігі, барынша 92,2% құрады, орташа алғанда (3 рет есепке алу)– 89,7 % (1-бүрку).

Картопты инсектицидтермен екінші рет бүрку кезінде нұсқада ең үлкен биологиялық тиімділік ЮКАЗ-7 0,05 л/га инсектицидін қолдану кезіңде байқалды, 93,7%, орташа 90,9%. Биологиялық тиімділіктің ең төменгі көрсеткіші 83,5 т/га Регентті (0,025 кг/га) қолданумен нұсқада байқалды, орташа алғанда 3 рет есепке алу кезінде -87,3%.

Шаруашылық тиімділігі жағынан ең жоғары өнімдік 21,8 т/га Фипромакс в.д.г.  инсектициді нұскасы көрсетті.

Автор өмірбаяндары

  • Сураганов Мирас Нұрбайұлы, Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті

    Ph.D., ассоциированный профессор, заведующий кафедрой сельского хозяйства и биоресурсов,НАО «Кокшетауский университет имени Шокана Уалиханова»

  • Мемешов Сансызбай Койшыбайұлы, Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті

  • Айтбаев Теміржан Ерқасұлы , Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-01-09

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары