«АҚКӨЛ» ОШМ КММ ОРМАН КӨШЕТЖАЙЫНДА PINUS SYLVESTRIS СЕППЕ КӨШЕТТЕРІН ЖАСАНДЫ МИКОРИЗДЕУ
«АҚКӨЛ» ОШМ КММ ОРМАН КӨШЕТЖАЙЫНДА PINUS SYLVESTRIS СЕППЕ КӨШЕТТЕРІН ЖАСАНДЫ МИКОРИЗДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_155Кілт сөздер:
сеппе, эктомикоризалар, микориза түзу, Pinus sylvestris, орман көшетжайыАңдатпа
Бұл жұмыста докторанттың ғылыми-зерттеу материалдары берілген, оның мақсаты Ақкөл орман көшетжайында микоризді макромицеттердің жасанды субстраттары арқылы ашық топырақта қылқан жапырақты ағаштардың сеппе көшеттерін өсіру болып табылады. Pinus sylvestris сеппе көшеттерінде микориза түзілу жетістігі, сондай-ақ өскіндердің тіршілік ету деңгейі немесе өміршеңдігі талданды. Бұл мәтінде келтірілген материалдар 2018-2021 жж. жиналды және төрт жыл бойы зерттелген түрлердің 2500-ге жуық сеппе көшеттері таңдамалы әдіспен талданды. Зерттелетін түрдің сеппе көшеттерінің үстіңгі және жер асты мүшелеріне морфологиялық талдау жасауда математикалық, статистикалық және микроскопиялық (500x үлкейтумен) әдістер қолданылды. Көшетжайда тәжірибе пен бақылау нұсқаларын салыстырған 14 белгіні морфологиялық талдауда көп жағдайда тәжірибе бақылаудан жоғары екенін көрсетті. Болашақта зерттелетін түрлердің ауқымын кеңейтіп, жасанды микоризденген сеппе көшеттерді табиғи ормандардағы табиғи микоризденген тұқымдармен салыстырғымыз келеді.