КУШУМ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ
КУШУМ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_4_203Кілт сөздер:
аналық ұя, жылқылар, өнімділік, іріктеу, шежіреАңдатпа
Ғылыми мақалада Батыс Қазақстан облысы «Әлем» шаруа қожалығында көшім тұқымы жылқыларымен жүргізген бонитировка мәліметтері және асылтұқымды құжаттар бойынша зоотехникалық және шежірелік талдау деректері келтірілген. «Әлем» асылтұқымды жылқы шаруашылығында жоғары өнімді биелер өсірілді, олардан үздік құлындар алынды және сол жылқылар бойынша аналық ұя қалыптастыру барысында жақсы нәтижелер болды. Солардың ішінде Заманторы 69-84 аталық айғырдың ұрпақтарынан 32-93; 26-95 және 27-97 номердегі керемет биелер алынса, екінші тұқымдық айғыр Доскүрең 83-85 аталық ізден 70-92; 98-93 и 86-95 номерлі өнімді биелер болғаны анықталды. Шығарылатын Заманторы 69-84 зауыттық аталық ізге жататын аналық ұялардың өкілдерінің орташа тірілей салмақтары 533,0 кг-нан 564,3 кг-ға дейін құраса, екінші Доскүрең 83-85 аталық іздің аналық ұяларының өкілдерінің орташа тірілей салмақтары 524,4 кг-нан 552,3 кг-ға дейін құрады. Шаруашылықта көшім тұқымын жетілдіру мақсатында жақсы ұрпақтар өсірілуде.
Түйінді сөздер: аталық із, аналық ұя, жылқылар, өнімділік, іріктеу, шежіре.