СИЫР ЖАСЫНЫҢ ӨНДІРУШІ ҚАБІЛЕТІ МЕН СҮТ ӨНІМДІЛІГІНІ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ

СИЫР ЖАСЫНЫҢ ӨНДІРУШІ ҚАБІЛЕТІ МЕН СҮТ ӨНІМДІЛІГІНІ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Наталья Папуша НАО "Костанайский региональный университет им.А.Байтурсынова"
  • Нургуль Бермагамбетова
  • Бахыт Кубекова
  • Мадина Смаилова

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_142

Кілт сөздер:

голштин тұқымы, өндіруші қасиеттері, қызымет көрсету аралығы, сүт өнмділігі, бұзаулау аралығы, ұрықтандыру индeксі

Аңдатпа

Сүтті мал шаруашылығының рентабельділігі өнімділіктің сандық көрсеткіштерімен ғана емес, асыл тұқымды мал өсіру жағдайларына бейімделудің жанама көрсеткіштері ретінде қызмет ететін бұзау туу сапаларымен де анықталады. Зерттеулер Қостанай облысы Денисов ауданындағы «Сарыағаш» ЖШС жүргізілді. Зерттелетін мал шаруашылығында голштейн тұқымды сиыр табынының туғанан кейінгі келесі ұрықтандырғанға дейнгі мерзімінің орташа ұзақтығы 156,03 күнді құрайды. Ең ұзақ қызмет ету мерзімі 4 лактациядағы сиырларда тіркелді, сондықтан бұл топтағы сиырлар төлдегеннен кейін 190-шы күні ғана ұрықтандырылды. Сиырларды ұрықтандыру  4 лактация бойынша индексі қызмет көрсету аралығы 57,1 күн болғанда 2,35 құрады. Сиырлардың 3-ші лактациядағы көбею қабілетінің оңтайлы көрсеткіштері болды, сондықтан олар 139,5 күн туғанан кейінгі келесі ұрықтандырғанға мерзімімен сипатталды, ұрықтандыру индексі 1,51 құрады. Сиырлардың табында ұстау ұзартылығына байланысты «Сарыағаш» ЖШС сиырларының орташа лактация ұзақтығы 371 күнді құрап, толық аяқталған лактацияның орташа өнімділігі 6819,44 кг сүтті құрайды. Табын бойынша орташа мәннен жоғары өнімділік деңгейі 1-ші лактациядағы сиырларда және ең кәрі лактациядағы сиырларда (5-6-шы лактацияда 9 бас) тіркелді.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-11-19

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары