АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ИНСЕКТИЦИДТЕРДІҢ КАРТОП ТҮЙНЕКТЕРДІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНА ЖƏНЕ ӨНІМДІЛІГІНЕ ƏСЕРІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ИНСЕКТИЦИДТЕРДІҢ КАРТОП ТҮЙНЕКТЕРДІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНА ЖƏНЕ ӨНІМДІЛІГІНЕ ƏСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2022_3_164Кілт сөздер:
картоп, инсектицидтер, колорадо қоңызы, биохимиялық құрамы, құрғақ заттың массалық үлесі, крахмалдың массалық үлесі, нитраттар, С витамині, өнімділікАңдатпа
Мақалада инсектицидтердің биохимиялық құрамға, картоптың өнімділігіне əсері туралы
нəтижелер келтірілген. Инсектицидтермен өңделген картоп түйнектеріне құрғақ заттың массалық үлесін, крахмалдың, нитраттардың, С витаминінің массалық үлесіне зертханалық талдау
жүргізілді. Зерттеуден 4 инсектицид өтті: ЮКАЗ-7, э. к. (ламбда-цигалотрин, 100 г/л); Брейк М. Э.
0,05 л/га; Фипромакс в. д. г. (0,02-0,025 кг/га); Регент 0,025 кг/га.
Ғылыми-зерттеу тəжірибелері Ақмола облысындағы "Көкшетау тəжірибе-өндірістік шаруашылығы" ЖШС-нің ғылыми алаңына орналастырылды. Зерттеулер картоптың Шағалалы сортына жүргізілді.
Картоп түйнектерін зертханалық талдау нəтижелері бойынша С витаминінің ең көп мөлшері 14,8 % Регент (0,025 кг/га) жəне Брейк (м.э. 0,05 л/га) инсектицидтерін қолданылған нұсқаларда
байқалды. Картоп үлгілерінің құрамын зертханалық зерттеу кезінде бақылау нұсқасындағы құрғақ
заттың массалық үлесі 22,7% құрады. Юказ-7 инсектицидімен өңделген нұсқа бақылау нұсқасына
0,7% жол берді. Сондай-ақ, м.э. Брейк, Фипромакс в. д. г., құрғақ заттың құрамы бойынша Регент өңделген нұсқалар бақылау нұсқасынан тиісінше 0,3, 0,75 жəне 0,25% төмен болды. Фипромакс в. д.
г. инсектицидімен өңделген нұсқадағы крахмалдың массалық үлесінің құрамы ең жоғары нəтиже
көрсетті жəне бақылау үлгісінен 15,5% асып, 1,3% құрады. Фипромакс инсектицидінің тиімділігі
экономикалық жағынан ерекшеленді. Өнімділік 25,8 т / га құрады.