ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СУ ПАЙДАЛАНУ ЖИЫНТЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Жатканбаева Айнур Орынбасаровна М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Тулепова Райхан Зеберкызы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Нұралы Жазира Утепәліқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Маймакова Алия Камзабековна М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_1_116

Кілт сөздер:

жүйектеп суғару, көкөніс дақылдары, тамшылатып суғару, тәуліктік су пайдалану, жалпы су пайдалану

Аңдатпа

Ғылыми мақалада Жамбыл облысының суғармалы сұр топырақтарында көкөніс дақылдарын әртүрлі суғару тәсілдерімен суғару кезіндегі дақылдардың су пайдалану жиынтығын зерттеудің нәтижелері келтірілген. Көкөніс дақылдары жүйектеп және тамшылатып суғарылды. Ташылатып суғару үшін су үнемділігі жоғары және жоғары қаражатты талап етпейтін тамшылатып суғару жүйесі қолданылды. Көкөніс дақылдарының вегетация кезіндегі тәуліктік және жалпы су пайдалану жиынтықтары анықталды. Зерттеу нәтижесінде көкөніс дақылдарының тәуліктік су пайдалану жиынтығы тамшылатып суғару нұсқасында төмен көрсеткіш көрсеткендігі анықталды. Көкөніс дақылдарының жалпы су пайдалануы жүйектеп суғару нұсқасында жоғары көрсеткіш көрсетті және ол 4151м3/га тең болса, ал тамшылатып суғару нұсқасында 2333м3/га яғни, -1818м3/га төмен болғандығы анықталды. Көкөніс дақылдарының әр айлар бойынша жалпы су пайдалануы тамшылатып суғару нұсқасында төмен көрсеткіш көрсетті. Көкөніс дақылдарының орташа тәуліктік су пайдалануы тамшылатып суғару нұсқасында маусым және шілде айларында 22-24м3/га болса, жүйектеп суғаруда осы айларда 33-43м3/га болды. Дақылдардың төменгі орташа тәуліктік су пайдалануы тамшылатып суғару нұсқасында тамыз айында байқалды және ол 18м3/га тең болды. Көкөніс дақылдарының су теңгерімінің негізгі кіріс бөлігін суғару жұмысы құрады. Көкөніс дақылдарының жалпы су пайдалануы жүйектеп суғару нұсқасында 44%-ға жоғары көрсеткіш көрсеткендігі анықталды.

Автор өмірбаяндары

  • Жатканбаева Айнур Орынбасаровна, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    Философия докторы (PhD), "Мелиорация және агрономия" кафедрасының доцент м.а.

  • Тулепова Райхан Зеберкызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    Магистр, «Экология» кафедрасының аға оқытушысы

  • Нұралы Жазира Утепәліқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    «Жерге орналстыру және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы

  • Маймакова Алия Камзабековна, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    «Мелиорация және агрономия» кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-01-05

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары